×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Қаза тапқан ІІМ басшылары оңай алмастырылатын адамдар емес – Зеленский

19.01.2023, 09:04
Фото: Ашық дереккөзден

Украина басшысы Владимир Зеленский ел халқына үндеуінде ІІМ басшылығының өлімін Украина үшін үлкен шығын деп атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Оның сөзінше, Ішкі істер министрі Денис Монастырскийді, бірінші орынбасары Евгений Енинді және олардың ұшақ апатынан қаза тапқандар өзге де әріптестерінің орнына адам табу оңай емес.

"Біз кәсіпқой, патриот, сенімді басшы болған азаматтардан айырылдық. Денис Монастырский, Евгений Ренн, олардың апаттан қаза тапқан әріптестері оңай алмастырылатын адамдар емес. Мемлекет үшін шынымен үлкен шығын. Менің олардың туыстарына көңіл айтамын", - деді Зеленский.

Ол Ұлттық полиция басшысы Игорь Клименконы ішкі істер министрінің міндетін атқарушы етіп тағайындағанын, сондай-ақ қайтыс болған министрдің соғыс және елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде жауапты болған міндеттерін өзге басшыларға бөліп бергенін атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Украинада тікұшақ апатқа ұшырап, Ішкі істер министрлігінің басшылары қаза тапты. Қаза тапқандардың ішінде: министр Денис Монастырский, министрдің бірінші орынбасары Евгений Енин мен мемхатшы Юрий Лубкович бар. Қаза болғандардың саны 16. Оның екеуі бала.

Серіктес жаңалықтары