×
521.01
603.43
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.01
603.43
6.42

Медицина қызметкеріне қол көтергендер қомақты айыппұл арқалауы мүмкін

Медицина қызметкеріне қол көтергендер қомақты айыппұл арқалауы мүмкін
Ulysmedia.kz коллажы

Медицина қызметкеріне қол көтергендер 4 млн теңгеге жуық айыппұл арқалауы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған заңнамалық өзгерістер туралы мәлімдеді. Жаңа норма дәрігерлер мен өзге де медицина мамандарына жасалған зорлық үшін жауапкершілікті әлдеқайда қатаңдатпақ.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Депутаттың айтуынша, қазіргі қолданыстағы заңда медицина қызметкерлеріне жеңіл дене жарақатын салу немесе ұру деректері үшін салыстырмалы түрде жеңіл жаза қарастырылған.

Аймағамбетов жаңа түзетулер бұл жағдайды өзгертуге бағытталғанын айтты. 

- Қазір жеңіл зиян келтіргені үшін 25–50 тәулікке дейінгі жаза немесе шамамен 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Ал егер қылмыстың нысанасы медицина қызметкері болса — дәрігер, медбике, санитар немесе жедел жәрдем жүргізушісі — жазалау шаралары едәуір қатаңдатылады, — деді депутат.

Жаңа нормаларға сәйкес, медицина қызметкеріне қол жұмсаған адам 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы, 1000 АЕК, яғни, 3 932 000 теңгеге дейін айыппұл төлеуі немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін.

Сонымен қатар, орташа немесе ауыр дене жарақатын келтірген жағдайда жаза одан да қатаң болады. Аймағамбетовтың айтуынша, ауырлататын мән-жайлар ескерілгенде он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары