×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Педофил құрбандары: Атырауда кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыс саны өскен

24.09.2021, 21:21
ашық дереккөз

Атырауда кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар саны артып кеткен, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

АқЖайық басылымының хабарлауынша, биыл сексеннен астам осындай қылмыс тіркелген.

«Біздің облыста кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар көбейіп кетті. Биыл осындай 80-нен астам қылмыс тіркелді, оның ішінде Атырауда – 33, Құрманғазы ауданында –  3, Мақат, Махамбет, Жылыой облыстарының әрқайсысында 2 қылмыстан тіркелген. Бұл ҚР Қылмыстық кодексінің 120, 121, 122, 123, 124-баптары бойынша жіктелген қылмыстар. Былтыр осындай 50-ден астам қылмыс тіркелген, биыл жыл басынан бергі көрсеткіш одан да көп», - дейді Атырау облысы Полиция департаменті Ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы Орынгүл Кушкалиева.

Атап айтқанда, ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша («Зорлау») 10-нан астам қылмыс, 121-бабы бойынша («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер») 10 қылмыс, 122 -бап бойынша («Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы басқа да әрекеттер») 21 қылмыс және 124-бабы бойынша («Жас балаларды азғындық жолға түсіру») 8 қылмыс тіркелген. Бұл қылмыстардың көбі көшеде немесе қоғамдық орында емес, үйде жасалған. Қылмыскерлердің барлығы құрбандарымен туыстық байланыста болды.

Сонымен қатар, жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында облыста 175 -тен астам әлуметтік жағдайы төмен отбасы тіркелді. Бұл отбасылардағы кәмелеттік жасқа толмаған 300-ге жуық бала құқықтықтарын қорғау мақсатында бақылауда.

 

Серіктес жаңалықтары