×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

БҰҰ Бас хатшысы ұйым кеңсесін Алматыда орналастыру жайлы шешім қабылдаған Тоқаевқа алғыс айтты

25.09.2021, 12:39
ашық дереккөз

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі БҰҰ миссиясының қашықтағы кеңсесін Алматыда орналастыру туралы шешім қабылдағаны үшін Қазақстан Президентіне алғысын білдірді. Ол біздің еліміз тұрақтылықтың символы және көпжақтылықты ұстанудың үлгісі болып саналатынын ерекше атап өтті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Қазақстанның бұл шешімін біз тек көмек ретінде қана бағаламаймыз. Сіз БҰҰ мен Қазақстан арасындағы тамаша қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететін дипломатиялық бауырластықтың шынайы рухын көрсеттіңіз», - деді А.Гутерриш.

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қ.Тоқаевтың БҰҰ-ның Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттігін құру жөніндегі бастамасының іске асырылу барысы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Соымен қатар, Министр БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - Контртеррористік басқарма басшысы Владимир Воронковпен келіссөздер жүргізді. Қазақстандық тарап Ауғанстандағы террористік қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша олардың әлеуетін нығайту үшін Орталық Азия өңірі елдеріне техникалық жәрдемдесу бағдарламалары туралы хабардар етілді.

Серіктес жаңалықтары