×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Атлант мұхитында «Сэм» дауылы көтерілді

25.09.2021, 16:21
ашық дереккөз

Қазіргі уақытта желдің жылдамдығы секундына 43 метрге жеткен, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

korrespondent.net-тің хабарлауынша, Сэм – 2021 жылғы дауыл маусымындағы атау берілген 18-ші дауыл. Атлантикада дауыл маусымы әдетте жарты жылға: маусым айынан бастап қарашаның соңына дейін жалғасады. Егер желдің жылдамдығы секундына 17,5 метрден асып кетсе – дауылға атау беріледі. Желдің жылдамдығы секундына 33 метрден асып кетсе дауыл құйынға айналады. Аталған дауыл екінші санатқа көтерілді.

14 қыркүйекте бірінші санаттағы дауыл Николас Техас және Луизиана штаттарына залал келтірген болатын. Қатты дауыл мен толассыз жауын 450 мыңға жуық адамды электр жарығынсыз қалдырған.

 

Серіктес жаңалықтары