20 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Ел аумағында нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел мен шаңды дауыл болжанды. Кей өңірде аптап ыстық болып, өрт қаупі жоғарылайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ақмола облысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауыл тұрады. Жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін.
Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ пен екпінді жел күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін күшейеді. Облыстың батысында нөсер жаууы ықтимал.
Атырау облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, нөсер, бұршақ пен дауылды жел болжанып отыр.
Қостанай облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Павлодар облысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл күтіледі. Жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысында нөсер жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауыл болады. Жел секундына 28 метрге дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ пен екпінді жел болжанған. Желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетеді.
Абай облысында да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауыл болады. Жел секундына 25 метрге дейін күшейеді.
Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Түнде өңірдің орталық бөлігінде нөсер жаууы мүмкін.
Астанада күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен екпінді жел болжанып отыр.
Күн 44 градусқа дейін ысиды
Бірқатар өңірде аптап ыстық сақталады.
Түркістан облысында ауа температурасы +40...+44 градусқа дейін көтеріледі. Маңғыстау облысында күн +40 градусқа, Қарағанды облысында +38 градусқа, Ұлытау облысында +35 градусқа, Шығыс Қазақстан облысында +37 градусқа, ал Абай облысында +38 градусқа дейін ысиды.
Шаңды дауыл тұруы мүмкін
Қызылорда облысы мен Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.
Сонымен қатар бұл өңірлерде және еліміздің басқа да бірқатар облысында өрт қаупі жоғары немесе төтенше деңгейде сақталады.