×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Семейдегі «алтын ұрлығы» ісі: Азаптау бойынша ҰҚК қызметкерлері қамалды

26.01.2023, 13:11
Коллаж: Ulysmedia.kz

ҰҚК қызметкерлері Астанадағы тергеу изоляторында тұтқындарды азаптады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тұтқындардың азапталғаны туралы туыстары өткен жылы мәлімдеген. Адам ұрлау, бопсалау, кісі өлтіруге әрекет жасау және құрамында алтын бар шикізатты ұрлау дерегі бойынша айыпталған қылмыстық топ мүшелерінің жақындары Тоқаевқа жүгінген. Олардың сөзінше, 2021 жылдың наурыз айында ҰҚК тергеу изоляторына қамалғандарды жыл бойы комитет қызметкерлері қатыгездікпен азаптаған.

Астана қаласы сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті подполковник Еркін Аманов, майор Хамит Абдуғали, ҰҚҚ Шекара қызметінің қызметкері, капитан К.Б.Сартаевтқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын бекітті.

“Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері ҚР ҚП кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді”, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары