×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

«Большевик, Октябрь, Петровка» – Қазақстанда 6 мыңнан астам атау идеологиялық тұрғыдан ескірген

30.01.2023, 09:53
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанда ондаған елдімекен мен жүздеген әлеуметтік нысанның, мыңдаған көшенің идеологиялық тұрғыда ескірген атауы әлі күнге дейін өзгермей тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық диалогта министр Ораловтың атына сауал қалдырған тұрғындардың бірі Қазақстанда идеологиялық тұрғыда ескірген қанша атау әлі қалғанын білмек болған. Оған берілген жауапқа сәйкес, бүгінгі күні еліміздегі ономастикалық жұмыстарды жүргізуде өңірлерде кездесетін идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды тарихи жер-су атауларымен және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, Мәдениет және спорт министрлігі жергілікті әкімдіктермен бірлесіп 2020-2021 жылдары еліміздегі қайта атауды талап ететін көшелер мен елді мекендерге талдау жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, өңірлерде идеологиялық тұрғыдан ескіріген, мән-мағынасы жоқ 7000-ға жуық атаулар анықталған.

«Мәселен, Большевик, Октябрь, Буденный, Волгодоновка, Каменка, Первомайский, Петровка, Ростовка сынды атаулар әлі күнге дейін сақталған. Бұндай мысалдардың тізімі өте ұзақ. Талдау нәтижесіне сәйкес әр өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып 2021 жылы Идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған жол картасы әзірленіп, Республикалық ономастика комиссиясында мақұлданды», - делінген жауапта.

Жол картасында жергілікті әкімдіктерге идеологиялық тұрғыдан ескірілген атауларды 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен өзгерту бойынша тапсырмалар берілген.

«Жол картасының орындалуы туралы есептік ақпаратқа сәйске 2022 жылы идеологиялық тұрғыда ескірген 34 елдімекен мен 562 көшенің атауы өзгергенін хабарлаймыз. Алдағы уақытта аталған жұмыстар жергілікті тұрғындардың пікірін ескере отырып, заңнамаға сәйкес жалғасын табады», - делінген жауапта.

Серіктес жаңалықтары