×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Шымкентте 5 жасар бала бассейнге батып кетті

30.01.2023, 12:06
фото: ашық дереккөзден

 Шымкентте бес жасар бүлдіршін фитнес орталығының бассейніне батып кетті. Ол ересектердің қарауынсыз қалып, суда тұншығып қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай кеше кешкісін сағат 17.25 шамасрында «KASIET» фитнес-клубында болған.

Құтқару қызметінің дағдарыс жағдайларды басқару басқармасына 2018 жылы туған бүлдіршіннің балалар бассейніне батып кеткені туралы хабар келіп түскен.

«Оқиға орнына келген мамандар баланың бассейнде шомылып жүріп, суға батып кеткенін анықтаған. Бассейннің тереңдігі - 1,2 метр, ал ені - 5 метр. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған» делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары