×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Шенеуніктер карантинді сылтау етіп журналистерді жуытпайды – Көлгінов не деді

26.09.2021, 17:16
Ulysmedia.kz

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жыл сайын елордада өтетін халықаралық «Astana Marathon 2021» марафонына қатысты. Жүгіріп келгеннен кейін ulysmedia.kz тілшісі қала әкіміне марафонға қатысы жоқ сұрақтар қойды. Қала әкімі сұрақтарға екіұшты жауап берді.

Пандемия үкіметті журналистермен байланысудан қорғап, кейбір сұрақтарға тікелей жауап алуға мүмкіндік бермей келе жатқанына бір жылдан асты.  Шектеу шаралары күшін жойды, бірақ шенеуніктер жауап беруден жалтаруды жалғастыруда.

Біз бұл туралы бұған дейін жазған болатынбыз.

Марафон аяқталғаннан кейін әкім соңғы марафонға қатысты сұрақтарға қысқа әрі қысқа жауап берді.

«Біз 2019 жылы марафонға қатыстық. Өкінішке орай, пандемияға байланысты 2020 жылы марафон өткен жоқ. Бұл алтыншы марафон және біз үнемі осындай марафондарды өткізіп тұатын боламыз. Бұл – бұқаралық спортты дамыту, денсаулықты нығайту, бұл – мәдениет, сондықтан келесі жылы жалғастырамыз. Көріп тұрғандарыңыздай, жыл өткен сайын қатысушылар саны көбейіп келеді», - деді Алтай Көлгінов.

Әңгіме пандемия басталғалы әкім басқа шенеуніктер сияқты кейбір сұрақтарға жауап бермей кеткені туралы өрбіп, біздің басылымға сұхбат бере алатын-алмайтынына қатысты сұрақ туындаған кезде ол әрдайым әңгімеге ашық екенін айтты және барлық сұрақты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне жіберуді сұрады...

- Әрине, мен әрдайым әңгімеге ашықпын. Карантиндік шектеулерге байланысты жауап бере алмай қалған кездеріміз де болған шығар.,,

- Бірақ біз сізбен байланысқа шыға алмай жүрміз, - деді тілші.

- Бізде баспасөз қызметі бар, - деді елорда әкімі.  

Елорда әкімі әңгімеге ашық екенін айтып қалды, демек ulysmedia.kz одан сұхбат алуға шығады. Қала әкіміне қойғыларыңыз келген барлық сұрақты   info@ulysmedia.kz электронды поштасына жолдауларыңызға болады.

 

Серіктес жаңалықтары