×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қытай халқы азайды: провинциялардың бірінде бала тууға қатысты шектеулер алынды

31.01.2023, 08:49
Қытай халқы азайды: провинциялардың бірінде бала тууға қатысты шектеулер алынды
фото: ашық дереккөзден

Елде туу деңгейінің төмендеуіне байланысты Қытайдың Сычуань провинциясында әр отбасына рұқсат етілген балалар санына шектеу алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz BBC Russian-ге сілтеме жасап.

Сычуань биілігі некесіз бала көтерген әйелдерге сәбиін ресми түрде тіркеуге және ерлі-зайыптылар сияқты барлық жеңілдікті алуға мүмкіндік беру туралы шешім қабылдады.

Қытай заңы ресми тұрмысқа шықпаған әйелдерге бала тууға тыйым салмайды, бірақ заң бойынша «ана» статусы тек некедегі әйелге беріледі. Сонымен қатар жалғызбасты аналарға, тұрмыстағы әйелдерге берілетін жеңілдіктер қолданылмайды, тіпті жұмыс беруші оларды кез келген уақытта жұмыстан шығара алады.

Енді Сычуань провинциясында кез келген тұрмысқа шықпаған әйел, егер ол бала көтергісі келсе, медициналық көмекке, мектептегі орынға және ақшалай төлемдерге үміт арта алады.

Өткен жылы Қытай халқы 60 жылда алғаш рет азайды. Ел үкіметінің ресми статистикасына сүйенсек, 2022 жылы Қытайда 9,56 миллион адам дүниеге келді, ал 10,41 миллион адам қайтыс болды.