×
482.32
553.37
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.32
553.37
5.63

Қазақстан тағы да «еркін емес елдер» қатарында қалды

Бүгін, 12:04
Қазақстан тағы да «еркін емес елдер» қатарында қалды
Freedom House

Қазақстан тағы да «еркін емес елдер» қатарында қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Америкалық Freedom House құқық қорғау ұйымы жыл сайынғы «Әлемдегі бостандық – 2026. Автократияның күшейген көлеңкесі» атты есебін жариялады. Онда  Қазақстан тағы да «еркін емес елдер» қатарында қалып отыр.

«Қазақстанда парламенттік және президенттік сайлаулар еркін де, әділ де емес. Негізгі бұқаралық ақпарат құралдары не мемлекеттік меншікте, не үкіметке жақын кәсіпкерлердің иелігінде. Сөз бостандығы мен жиналу еркіндігі шектеулі күйінде қалып отыр және ол үшін жаза қолданылады, ал сыбайлас жемқорлық жүйелі сипат алған», — делінген ұйым есебінде.

Freedom House ұйымы Біріккен ұлттар ұйымының адам құқықтары жөніндегі декларациясына негізделген 25 индикатор бойынша зерттеу жүргізіп, елдер рейтингін дайындайды. Индикаторлар әр елдегі азаматтық және саяси құқықты анықтауға негізделген. Әр елдің еркіндік өлшемінде 100 балл жинау мүмкіндігі бар. Сол балға сәйкес, елдерге «еркін», «жартылай еркін» және «еркін емес» статус беріледі. Қазақстан 23 балл алған.

 

Серіктес жаңалықтары