×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Елімізде "Қолжетімді Интернет" ұлттық жобасы әзірленді

01.02.2023, 17:31
Елімізде "Қолжетімді Интернет" ұлттық жобасы әзірленді
Ашық дереккөз

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Қолжетімді Интернет" атты байланыс саласындағы ұлттық қанатқақты жоба әзірледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Қолжетімді Интернет" байланыс саласындағы пилоттық ұлттық жобаның (бұдан әрі – Ұлттық жоба) мақсаты халық пен бизнесті Интернет желісіне жоғары жылдамдықты (≥100 Мбит/с) қолжетімділікпен қамтамасыз ету.

Жобаны 2023-2027 жылдар аралығында іске асыру жоспарланған.

Жобада бірнеше міндет көзделген:

  1. Сымды байланыс инфрақұрылымын дамыту
  2. Сымсыз байланыс инфрақұрылымын дамыту
  3. Сапаны бақылау және қауіпсіздік
  4. Транзиттік әлеуетті ұлғайту және өңірлік хаб құру
  5. Мемлекеттік қолдау шаралары

Ұлттық жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен және бюджеттен тыс қаражаттан 2023-2027 жылдар кезеңінде 1 114 726 105 мың теңге бөлу көзделген, оның ішінде:

  • 2023 жылы – 161 028 372 мың теңге;
  • 2024 жылы – 246 243 232 мың теңге;
  • 2025 жылы – 252 005 804 мың теңге;
  • 2026 жылы – 227 494 848 мың теңге;
  • 2027 жылы – 227 953 848 мың теңге.

Құжат 14 ақпанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.