×
476.97
562.59
6.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.97
562.59
6.27

Мектеп бағдарламасына тағы үш пән қосылуы мүмкін

Бүгін, 11:00
Мектеп бағдарламасына тағы үш пән қосылуы мүмкін
коллаж Ulysmedia

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Атырауға жұмыс сапары барысында «Келешек мектебіне» барып, оқу орнымен танысты. Сондай-ақ ол ұстаздармен кездесуде оқу бағдарламасына өзгерістер енгізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАСТАУЫШ СЫНЫП БАҒДАРЛАМАСЫ ӨЗГЕРЕДІ

Өңірлік коммуникация қызметінің мәліметінше, кездесу кезінде білім сапасын арттыру мәселесі сөз болған. Министрдің айтуынша, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің оқу жүктемесі мен мазмұны қайта қаралып, бастауыш сынып бағдарламасына да өзгерістер енгізіледі.

Сонымен қатар, оқу бағдарламасына жаңа пәндер енгізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 5-7 сыныптарға “Конституция негіздері”, 8-9 сыныптарға “Заң және тәртіп” пәндері қосылмақ. Ал жоғары сыныптарда, яғни 10-11 сыныптарда “Құқық негіздері” пәнін міндетті түрде оқыту көзделген.

ДИКТАНТ ЖАЗУ ҚАЙТА ҚОСЫЛАДЫ

Жұлдық Сүлейменованың айтуынша, оқушылардың білімін бағалау жүйесіне де өзгерістер енгізіледі. Бұған дейін аз қолданылған мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайтадан оқу процесіне енгізілмек. Бұл қадам оқушылардың сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Министр “Келешек мектебі” жобасының басты қағидаларына да тоқталды. Оның пікірінше, білім ордаларында тазалық, тәртіп және педагогтердің бірсарынды жұмыс істемеуі басты назарда болуы тиіс. Мектеп тек білім беретін орын ғана емес, ел болашағын қалыптастыратын маңызды орта болуы керек екенін атап өтті.

Соңғы төрт жылда Атыраудағы білім көрсеткіші 55,5 пайызға жеткен. 2025-2026 оқу жылында 300-ден астам оқушы республикалық деңгейде, ал 27 оқушы халықаралық олимпиадаларда жүлдегер атанған,– дейді Жұлдыз Сүлейменова.

Сонымен қатар, министр білім беру саласында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары