×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Роналдудың жалақысының көп бөлігі Сауд Арабиясының бюджетінен төленеді

02.02.2023, 19:26
Ашық дереккөз

Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубына ауысқан португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың жалақысы қайдан төленетіні белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

The Athletic басылымы мәлім еткеніндей, 37 жастағы ойыншы жалақысының басым бөлігі ел бюджетінен төленеді.

«Аль-Наср» клубы футболшының жалақысына кететін шығынның 10 пайызын ғана жабады.

«Криштиану Роналдудың «Аль-Наср» клубындағы кепілдік берілген жылдық жалақысы 90 млн-дай долларды құрайды. Криштианудың өкілдерімен мақұлданған коммерциялық және демеушілік мәмілелер келісімшартқа кіреді және жалпы табысты 200 млн долларға жуықтатады», - деп жазды Фабрицио Романо Twitter-де.

Португалиялық футболшымен келісімшарттың 2,5 жылға жасалғаны белгілі. «Аль-Наср» клубы құрамындағы алғашқы ресми матчтарында Роналду нәтижелі ойынымен көзге түсе қойған жоқ.

Серіктес жаңалықтары