×
474.08
558.28
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.08
558.28
6.26

Түркияда атыс кезінде оқушыларды денесімен қалқалаған мұғалім оққа ұшты

Бүгін, 10:51
Түркияда атыс кезінде оқушыларды денесімен қалқалаған мұғалім оққа ұшты
Фото: x.com

Түркияның Қахраманмараш қаласында мектепке жасалған шабуыл кезінде математика пәнінің мұғалімі Айла Қара оқушыларды қорғаймын деп оққа ұшты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҰСТАЗДЫҢ ӨЛІМІ

Ahaber мәліметінше, ұстаз оқушыларды қорғауға тырысып, өз денесімен қалқан болған.

Түркияны қара жамылдырған жантүршіктірер оқиғадан соң Айла Қараның мерт болғанын естіген күйеуі жүрек талмасымен ауруханаға түскен. Бұл туралы мұғалімнің туысы Хүлия Қара әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ол өз жазбасында Айла ұстаздың күйеуінің жағдайы ауыр екенін айтып, жұрттан дұға тілеуді сұрады.

ҚАНДЫ ОҚИҒА

9 адамның өмірін жалмаған мектептегі қанды оқиға 15 сәуір күні болды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, оқушы мектепке бұрын полиция қызметінде болған әкесіне тиесілі қарумен келген. Ол бастауыш сынып оқушылары отырған кабинеттерге кіріп, оқ жаудырған. Соның салдарынан 8 оқушы мен 1 мұғалім қаза тауып,  тағы 13 адам жараланған.

Түркияның ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчи бұл оқиғаны теракт ретінде қарастырмайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл – бір оқушы жасаған жеке шабуыл. Кейіннен шабуыл жасаған жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған.

Түркияда мектептерге шабуыл жасау оқиғалары жиіледі.  Осы оқиғадан бір күн бұрын Бр күн бұрын Шанлыурфада бұрынғы оқушы басқа мектепте оқ жаудырып, 16 адамды жаралаған еді.

Серіктес жаңалықтары