Иран Қарулы күштері Тегеранның Ормуз бұғазын ашу туралы бұған дейінгі мәлімдемесін қайта қарауы ықтимал екенін жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz BILD басылымына сілтеме жасап.
ҚАНДАЙ СЕБЕП БОЛДЫ?
Мұндай ұстанымға АҚШ тарапынан ирандық порттарды қоршау әрекеттері себеп болған. Иран парламентінің ықпалды спикері Мохаммад Багер Галибаф X әлеуметтік желісінде бұл мәселеге қатысты пікір білдірді.
Егер қоршау жалғаса берсе, Ормуз бұғазы ашық қалмайды, – деп жазды ол.
КОНТЕКСТ
Айта кетейік, бұған дейін қақтығыс басталғалы алғаш рет круиздік кеме осы бұғаз арқылы өткен еді. Сонымен қатар Иран мен АҚШ атысты тоқтату кезеңінде стратегиялық маңызы зор теңіз жолын коммерциялық қозғалыс үшін толық ашу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген болатын.
Алайда соңғы жағдайлар бұл жоспардың өзгеруіне әкелуі мүмкін.
Бұған дейін Трамп Тегеранды келіссөз үстеліне қайтарудың жалғыз жолын атаған болатын.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Трамптың сесі, Тегеранның жауабы: АҚШ пен Иран келісімге келе ме?