×
469.52
553.75
6.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.52
553.75
6.15

Қытайда ипотека қанша пайызбен беріледі?

Бүгін, 10:11
Қытайда ипотека қанша пайызбен беріледі?
Фото: ЖИ

Қытайда несие бойынша пайыздық мөлшерлеме өзгеріссіз қалды. Яғни, банктер беретін қарыздардың үстемесі бұрынғы деңгейде сақталды, ешқандай өсім де, төмендеу де болмайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Синьхуаға сілтеме жасап. 

БІР ЖЫЛДЫҚ НЕСИЕНІҢ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ – 3%

Бұл елдің қаржы нарығында тұрақтылық сақталып отырғанын аңғартады. Бір жыл мерзімге арналған LPR (негізгі несие мөлшерлемесі) дүйсенбі күні 3% деңгейінде қалып, өткен айдағы көрсеткішпен бірдей болды. Бұл мөлшерлеме әдетте бизнеске берілетін қысқа мерзімді несиелер үшін маңызды бағдар саналады.

Ал бес жылдан асатын мерзімге арналған LPR да өзгермей, 3,5% деңгейінде сақталды. Бұл көрсеткіш көбіне ипотекалық несиелер мен ұзақ мерзімді қарыздардың пайызын есептеуде негізгі ориентир ретінде қолданылады.

ҚАРЖЫ САЯСАТЫ САҚТЫҚПЕН ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сарапшылардың пікірінше, мөлшерлемелердің өзгеріссіз қалуы Қытай билігінің экономиканы күрт ынталандыруға немесе тежеуге асықпай отырғанын көрсетеді. Яғни, қазіргі жағдайда қаржы саясаты сақтықпен жүргізіліп, нарықтағы тепе-теңдікті ұстап тұруға басымдық беріліп отыр.

Сонымен қатар, мұндай шешім инфляция деңгейі мен ішкі сұранысқа да байланысты. Егер экономикалық белсенділік баяуласа немесе керісінше қызып кетсе, алдағы айларда мөлшерлемелер қайта қаралуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары