2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетіп, директорлар кеңесінің атқарушы төрағасы қызметіне ауысады. Оның орнына компанияның аппараттық әзірлемелер бөлімін ұзақ жыл басқарған Джон Тернус тағайындалмақ.
Бұл өзгеріс – тек кадрлық ауыс-түйіс емес. Бұл – технологиялық алпауыттың жаңа бағытқа бет бұруының белгісі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТИМ КУК ДӘУІРІ: РЕКОРДТАР МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕЗЕҢІ
Стив Джобс кеткеннен кейінгі кезең Apple тарихындағы сындарлы шақ еді. 2011 жылы компания тізгінін ұстаған Тим Кукке күмәндана қарағандар көп болды. Алайда 15 жыл ішінде ол Apple-ді мүлде жаңа деңгейге шығарды.
Оның басқару кезеңінде:

Кук – инженер емес, стратег болды. Ол өндіріс тізбегін Қытайдағы серіктестер арқылы оңтайландырып, шығынды азайтып, табысты еселеді. Сонымен қатар, Apple-ды әлеуметтік жауапкершілік, әртүрлілік және экология тақырыптарында да белсенді позиция ұстанатын компанияға айналдырды.
ДЖОН ТЕРНУС КІМ?
Жаңа басшыны көпшілік тани бермейді. Бірақ ол – Apple-дағы ең маңызды фигуралардың бірі.
Джон Тернус:
Ол әсіресе Mac компьютерлерінің қайта жандануында маңызды рөл атқарды. Сонымен қатар, Apple құрылғыларының Intel процессорларынан Apple Silicon чиптеріне көшуі – оның жетекшілігімен жүзеге асқан стратегиялық шешімдердің бірі.
Бұған дейін ол Virtual Research Systems компаниясында инженер болып жұмыс істеген және Пенсильвания университетін механикалық инженерия мамандығы бойынша бітірген.
ШОУМЕН ЕМЕС, ӨНДІРУШІ
Тернусті Стив Джобспен салыстыратындар көп. Бірақ екеуі екі бір-біріне кереғар адамдар.
Тернус – шоумен емес: сұхбатты сирек береді, даулы мәлімдемелер жасамайды. Ол – өнімге маңыз беретін прагматик. Батыс баспасөзі оны “іш пыстыратын данышпан” деп сипаттайды.
Сарапшылардың пікірінше, оның келуімен Apple маркетингтен гөрі инженерияға жақындай түседі.
Тернустың өзі де технологияға емес, дайын өнімге басымдық беретінін ашық айтқан:
«Біз технологияны ойлап табу туралы ғана ойламаймыз. Біз оны керемет өнім жасау үшін қалай қолданамыз – соны ойлаймыз».
Оның перфекционизмі тіпті көзге көрінбейтін бөлшектерден де байқалады. Мысалы, мансабының басында ол монитордың артындағы бұранданың ойықтары стандартқа сәйкес келмегенін байқап, жеткізушімен ұзақ дауласқан.

APPLE ҮШІН ЕҢ БАСТЫ СЫНАҚ – ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ
Тернус компанияны ең күрделі кезеңдердің бірінде басқармақ.
Бүгінде технология нарығында басты тренд – жасанды интеллект. Бұл бағытта:
Ал Apple бұл жарыста айтарлықтай артта қалып отыр.
Иә, компания 2011 жылы Siri арқылы AI-ды көпшілікке алғаш таныстырғандардың бірі болды. Бірақ Siri әлі толыққанды «ақылды агентке» айналған жоқ. Компания тіпті Google-мен бірігіп, Gemini моделін қолдануға мәжбүр болды.
Сарапшылардың айтуынша, Тернус үшін басты міндет – Apple-дың AI стратегиясын қайта құру.
БӘСЕКЕ КҮШЕЙІП КЕЛЕДІ
Тек бағдарламалық қамтамасыз ету жағынан емес, құрылғылар нарығында да Apple-ға қысым артып жатыр.
Сарапшылардың пікірінше, алдағы кезеңде Apple бүктелетін смартфондар, AR/VR құрылғылар, AI-гаджеттер сияқты жаңа өнімдерге көбірек назар аударуы мүмкін.

IPHONE ТАҒДЫРЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗЕҢ
Apple-дың басты өнімі – iPhone. Ол тарихтағы ең табысты тұтынушылық өнімдердің бірі.
Алайда сарапшылардың ескертуінше, жасанды интеллекттің дамуы смартфонның рөлін әлсіретуі мүмкін және жаңа құрылғылар экожүйесін алға шығаруы ықтимал.
Сондықтан Тернус үшін негізгі сұрақ:Apple жаңа технологиялық платформаны қалыптастыра ала ма?