×
469.49
552.59
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.49
552.59
6.24

Астанада бала терезеден құлап, көз жұмды

Бүгін, 13:23
Астанада бала терезеден құлап, көз жұмды
Фото:ашық дереккөзден

Астана қаласы көп қабатты үйлердің бірінде бала терезеден құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒА ҚАЙ ЖЕРДЕ БОЛДЫ?

Қайғылы оқиға Тлендиев көшесі, 44А мекенжайындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Көмек көрсетуге келген дәрігерлер оны аман алып қалуға тырысқанымен, алған жарақаттарынан бала сол жерде көз жұмды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

КОНТЕКСТ

Айта кету керек, 2026 жылдың басынан бері елордада балалардың терезеден құлауына қатысты екі жағдай тіркелген. Оның біреуі өліммен аяқталған. Мұндай қайғылы оқиғалар көбіне 1 мен 6 жас аралығындағы балалар арасында болады.

Бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылы ел бойынша терезеден 357 бала құлап, оның 25-і қаза тапқан.

Құтқарушылар мен дәрігерлердің пікірінше, мұндай жағдайлардың көпшілігінің алдын алуға болады. Негізгі себептер – қараусыз қалдыру, ашық терезелер және москит торына сену. Сондықтан ата-аналарға терезелерге қорғаныс құлыптарын орнату және балаларды қараусыз қалдырмау ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары