×
461.37
542.16
6.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
461.37
542.16
6.14

Джерси Қазақстанды жерсіне ме: Еуропадан әкелген 231 бас ірі қара

Бүгін, 15:34
Джерси Қазақстанды жерсіне ме: Еуропадан әкелген 231 бас ірі қара
Фото: ЖИ

Даниядан Қазақстанға асыл тұқымды ірі қараның алғашқы партиясы жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДЖЕРСИДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Солтүстік Қазақстан облысына әлемдік сүтті мал шаруашылығында ең құнды әрі тиімді тұқымдардың бірі саналатын джерси тұқымының 231 бас ірі қарасы әкелінді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бұл тұқымның сүті қою әрі құнарлы болады. Майы мен ақуызы көп. Мал жемді жақсы сіңіреді және әртүрлі ауа райына тез бейімделеді. Сондықтан одан алынатын сүттен сапалы, қымбат өнімдер, соның ішінде премиум ірімшіктер жасауға болады.

ЦИФРЛЫ ФЕРМА КӨБЕЙГЕН

Соңғы үш жылда Солтүстік Қазақстан облысындағы сүт фермаларға шамамен 9 мың бас жоғары өнімді асыл тұқымды ірі қара жеткізілген. Бұл сүт өндірісін 16%-ға арттыруға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда өңірде 118 агроқұрылым жұмыс істейді, оның 50-і – заманауи цифрлық фермалар. Бұл шаруашылықтардағы жалпы мал басы 58,3 мыңнан асады.

КОНТЕКСТ
Қазақстан асыл тұқымды мал іздеу үшін Уругвайдан бастап Австралияға дейінгі нарықтарды зерттеп жатыр. Бұған дейін мал өсірушілер одағының жетекшісі Дәурен Салықов елімізге мал сатып алудың тиімді бағыттарын атаған болатын.

Серіктес жаңалықтары