×
460.8
541.21
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
460.8
541.21
6.13

Халықтың банктерге қарызы қанша?

Бүгін, 16:57
Халықтың банктерге қарызы қанша?
Ulysmedia.kz коллажы

Елімізде халықтың банктерге берешегі бизнестің қарызынан асып түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТҰТЫНУШЫЛЫҚ НЕСИЕНІҢ ҮЛЕСІ БАСЫМ

2026 жылдың бірінші тоқсанын қорытындылаған Ұлттық банктің есебінше, банк секторының халыққа берген несиесі 25 трлн теңгеге жетсе, бизнес секторындағы көрсеткіш 18,3 трлн теңгеге дейін азайған.

Бизнеске берілген несие 2025 жылдың соңғы тоқсанымен салыстырғанда 0,96%-ға азайған. Ал халықтың несиесі, керісінше, 1,2%-ға өскен.

Қазақстандықтардың банктерден алған 25 трлн теңге қарызының 7 трлн теңгесі – ипотека қарызы. Ал 16,85 трлн теңгесі – тұтынушылық несие. Қалған 1,2 трлн теңге қарызды халық басқа мақсаттарға алған.

БАНКТЕРДІҢ ТАБЫСЫ МҰНАЙДЫҢ ТАБЫСЫНАН БІРНЕШЕ ЕСЕ КӨП

Айта кетейік, бұдан бұрын Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов халықты қарызға батыру үшін лоббистік заңдар шығарған банктердің әрекетіне бақылау орнату керегін айтқан.

«Аңқау ел өмір бойы банкті айналшықтап жүретіндей, бүкіл табысын банкке әкеліп беретіндей жүйе жасаған. Онымен қоймай, халықтың санасына «сені кінәлісің» дегенді құйып тастаған. Өзің алдандың, алаяққа беріп қойдың деп адамдардың өзін айыптайды. Шын мәнінде, банк берем демесе, ешкім несие ала алмайды. Банктікіндей мықты қорғаныс жүйесі еш жерде жоқ. Банктердің табысы мұнайдың, басқа да ірі салалардың табысынан бірнеше есе артық. Өткен жылы 3,5 трлн теңге табыс тапқан», – дейді депутат.

Басқа елдерде банк бизнесті қолдаудың арқасында табыс тапса, қазақстандық банктерді тұтынушылық несиелер байытып отырғаны жасырын емес. 500 мың теңге алып, 2-3 млн теңге етіп қайтару өзге мемлекеттер үшін нонсенс болса, қазақстандықтар үшін қалыпты нәрсе. Тіпті, онлайн несиені заңдастырудың өзі  түптеп келгенде халықты қарыз қақпанынан босатпаудың амалы болғанын уақыт көрсетіп отыр.

«3 сәуірден бастап телефонмен қарыз беру, онлайн несие дегеннің бәрін тоқтаттық. 2020 жылы коронавирус пандемиясы кезінде Бағдат Мусин банктерге азаматтардың атынан қол қоюға рұқсат беріп қойған. Құжаттың бәрін көтердім. Бірде-бір заңда мұндайға рұқсат берілмеген. Алайда министр сол уақытта жұмыссыз қалғандарға берілген жәрдемақыны рәсімдеуді оңайлатам деген желеумен банктерге бар билікті беріп қойған», – дейді Мұрат Әбенов.

Күзде заңға енгізілген өзгерістер осы айдан бастап күшіне енді. Демек, бұдан былай банктер азаматтардың орнына қол қою үшін Ұлттық банктен рұқсат алуға міндетті.

Серіктес жаңалықтары