×
462.91
542.16
6.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
462.91
542.16
6.16

Айыппұл төлемеген жүргізушілер дронның көмегімен ұсталып жатыр

Бүгін, 11:24
Айыппұл төлемеген жүргізушілер дронның көмегімен ұсталып жатыр
фото: ашық дереккөзден

Түркістанда полицейлер қарызы бар көліктерді дрондар арқылы анықтап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АЙЫППҰЛДАН ҚАШҚАНДАР ҚҰТЫЛМАЙДЫ

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, заманауи технологиялар қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде белсенді қолданыла бастады.

Мәселен, Қазығұрт ауданының полициясы Д.Қонаев көшесінің бойында бейнебақылау камераларына түскен "Hyundai Elantra" маркалы автокөлікті тоқтатқан. Аталған көлік иесінің жалпы сомасы 432 000 теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұлын төлемегені анықталды. Яғни 6 рет жылдамдықты арттыру бойынша және жол қозғалысы кезінде ұялы телефон қолданып құқық бұзғанына байланысты берешегі тіркелген.

Автокөлік айып тұраққа қойылып, иесіне заңды шарасы көрілді.

“Сонымен қатар «Қорғау» бағдарламасы арқылы бейнекамераға түскен тағы бір көлік анықталды. "Kia" маркалы автокөлік иесінің 50 000 теңгеге жуық берешегі бар болып шықты. Жүргізуші полицияның түсіндірме жүргізгенінен соң қарызын өтеді”, – дейді полицейлер.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларға әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлеу қажеттігін және жол жүру ережелерін қатаң сақтау – өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігінің кепілі екенін ескертті.

АСТАНАДАҒЫ ЖАҢА ТӘРТІП

Айта кетейік, Астанада жол жүру ережелерін бұзған, дұрыс қойылмаған автокөліктер бұдан былай ақылы түрде эвакуацияланады. Жаңа бастама жолдағы жүктемені азайтып, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Себебі дұрыс қойылмаған көліктер жолдағы жағдайға және тұрғындардың қауіпсіздігіне әсер етеді.

Серіктес жаңалықтары