×
462.91
542.16
6.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
462.91
542.16
6.16

Мұнай тағы арзандады

Бүгін, 08:43
Мұнай тағы арзандады
Фото: ЖИ

Дүйсенбіде мұнай бағасы төмендеді. Бұған Трамптың Ормуз бұғазында "Бостандық" операциясын бастау туралы мәлімдемесі себеп болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НАРЫҚТАҒЫ БАҒА

Reuters-тің жазуынша, Brent маркалы мұнай фьючерстері 64 центке немесе 0,59%-ға арзандап, барреліне 107,53 доллар болды. Бұған дейін жұма күні баға 2,23 долларға төмендеген еді.

АҚШ-тың West Texas Intermediate мұнайы 84 центке немесе 0,82%-ға арзандап, барреліне 101,10 доллар деңгейінде саудаланды. Алдыңғы сауда сессиясында ол 3,13 долларға түскен болатын.

ТРАМПТЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Еске салайық, Трамп Truth Social парақшасында АҚШ Парсы шығанағында Ормуз бұғазының қоршауына байланысты бөгеліп қалған сауда кемелерін алып жүруді қамтамасыз ететінін жазды.

«Егер қандай да бір жолмен бұл гуманитарлық үдеріске кедергі келтірілсе, өкінішке қарай, ондай әрекетке күшпен қарсы тұруға тура келеді», - деді ол.

Трамп кемелерді алып жүру бастамасын «Бостандық» жобасы деп атап, оны жүзеге асыру дүйсенбі, 4 мамыр күні таңертең басталатынын жеткізді.

АҚШ президенті шығанақта тұрып қалған кемелер әртүрлі елдерден келгенін, олардың «бейтарап әрі кінәсіз бақылаушылар» екенін, ал кейбірінде азық-түлік қоры таусылып бара жатқанын айтты. Трамп АҚШ пен Иран арасында келіссөздерд жүріп жатқанын, олардың «баршаға тиімді нәтижеге әкелуі мүмкін екенін» түсінетінін атап өтті, алайда кемелерді алып жүру – гуманитарлық қадам екенін баса айтты.

Серіктес жаңалықтары