×
465.01
543.55
6.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
465.01
543.55
6.15

Доллар бағамы 540 теңгеге жетуі мүмкін – сарапшылар

Бүгін, 12:02
Доллар бағамы 540 теңгеге жетуі мүмкін – сарапшылар
Фото: ЖИ

Halyk Finance сарапшылары 2026 жылдың соңына қарай доллар бағамы 540 теңгеге дейін жетуі мүмкін деген болжам жасады. Мұндай сценарий мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 85 доллар деңгейінде сақталған жағдайда ықтимал деп бағаланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЕҢГЕ ҚҰНСЫЗДАНА МА?

Сарапшылар сәуір айына арналған валюта нарығы бойынша зерттеуінде қазіргі теңге бағамы экономиканың негізгі факторларына толық сәйкес келмейтіні айтылған. Доллар ұсынысын уақытша көбейтіп тұрған факторлар әлсіресе, ұлттық валюта айтарлықтай құнсыздануы мүмкін.

«Негізгі факторлар ретінде инфляцияның жоғары деңгейі, экспорт өсімінің жеткіліксіз болуына байланысты сауда балансының профицитінің қысқаруы, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы шетелдік инвесторлар белсенділігінің бәсеңдеуі, сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда Ұлттық қордан сатылатын валютаның айтарлықтай азаюы әсер етеді», – дейді Halyk Finance мамандары.

БОЛЖАМ ӨЗГЕРУІ МҮМКІН

Сарапшылардың айтуынша, дәл осы факторлар алдағы кезеңде теңгеге қысымды күшейтуі мүмкін.

Сонымен бірге, Halyk Finance қазіргі болжам түпкілікті емес екенін атап өтті. Егер биылғы алғашқы төрт айда биржаға доллар ұсынысының күрт арту себептері нақтыланса немесе мемлекет пен квазимемлекеттік сектор тарапынан доллармен сыртқы қарыз алу көлемі өссе, валюта нарығындағы жағдай өзгеруі ықтимал.

Әзірге теңге бағамын ұстап тұрған факторлардың уақытша сипатта болуы мүмкін екенін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары