×
465.01
543.55
6.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
465.01
543.55
6.15

2026 жылғы амнистия: кімдердің жазасы кешіріледі

Бүгін, 13:32
2026 жылғы амнистия: кімдердің жазасы кешіріледі
Фото: ЖИ

Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов 2026 жылы жариялануы мүмкін рақымшылыққа кімдердің ілігуі мүмкін екенін және кімдерге кешірім жасалмайтынын егжей-тегжейлі түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КІМ ТҮРМЕДЕН ҚҰТЫЛАДЫ?

Санжар Әділовтың айтуынша, қазіргі уақытта қылмыстық рақымшылыққа қатысты жалпы тәсілдер қалыптасқан.

– Ең алдымен тергеу сатысында аса ауыр емес қылмыс, қылмыстық теріс қылық, сондай-ақ залал келтірілмеген орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған тұлғалар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Сондай-ақ аса ауыр емес қылмыс және залалсыз орташа ауырлықтағы қылмыс үшін сотталғандар да босатылады, – деді Санжар Әділов.

КІМДЕРГЕ КЕШІРІМ ЖОҚ?

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық, экстремистік, террористік қылмыс жасағандарға рақымшылық қолданылмайды. Сондай-ақ ол сырттай сотталғандарға және азаптау жасағандарға да жүрмейді.

– Жаза мерзімінің соңғы бір жылы қалғандарға да рақымшылық қолданылады. Сондай-ақ бірінші теріс дәрежесі барларға рақымшылық қолданбау мәселесін қарастырып жатырмыз. Ал ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысты жаза мерзімін өтеу уақытын бестен бір бөлікке қысқарту мәселесі қарастырылып жатыр, – деді Ішкі істер вице-министрі.

АЙЫППҰЛ ӘЛІ НАҚТЫ ЕМЕС

Санжар Әділовтың айтуынша, Қазақстанда алғаш рет өткізілетін әкімшілік рақымшылықтың егжей-тегжейі мамыр айының ортасына қарай белгілі болады.

– Әкімшілік профилактика субъектілері болып 70-тен астам мемлекеттік орган саналады, олардың 15-і рақымшылықты қолдану бойынша өз ұсыныстарын берді. Біз рақымшылыққа ілігетін бірқатар баптарды ұсынып отырмыз, бірақ жұмыс тобының отырысын күтейік, – деп Әділов бұл мейірім актісінің параметрлерін алдын ала жариялаудан бас тартты.

Дегенмен ол көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушілер рақымшылыққа ілігуі мүмкін адамдар тізіміне кірмейтінін нақтылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін депутаттар жүргізуші куәлігінен айырылғандардың еш жағдайда рақымшылыққа ілікпеуін талап еткен еді.

Серіктес жаңалықтары