×
465.01
543.55
6.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
465.01
543.55
6.15

Мереке күндері ауа райы күрт бұзылады

Бүгін, 17:27
Мереке күндері ауа райы күрт бұзылады
фото: ашық дереккөзден

7-9 мамыр аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылып, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей өңірлерде бұршақ жауып, жел күшейеді. Ал оңтүстік аймақтарда күн 35 градусқа дейін ысиды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

«Қазгидрометке» хабарлауынша, кей өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы, желдің күшеюі болжанып отыр. 

«7-9 мамыр аралығында батыс облыстарда, 8-9 мамырда солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Оңтүстік облыстарда жоғары температура аясында өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Ал шығыс өңірлерде жаңбыр мен найзағай тек 9 мамырдан басталады. Күндізгі ауа температурасы: батыста +18…+28 градус, солтүстікте +18…+23 градусқа дейін төмендейді, орталықта +20…+28 градус, оңтүстік және оңтүстік-шығыста +28…+33 градус, шығыста +25…+30 градусқа дейін көтеріледі», – делінген хабарламада.

АСТАНА

7 мамыр:
Ауа райы құбылмалы. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с.
Ауа температурасы: түнде +11…+13 °C, күндіз +25…+27 °C.

8 мамыр:
Ауа райы құбылмалы, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады.
Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 9-14 м/с.
Температура: түнде +12…+14 °C, күндіз +23…+25 °C.

9 мамыр:
Ауа райы құбылмалы. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін.
Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Температура: түнде +10…+12 °C, күндіз +18…+20 °C.

АЛМАТЫ

7 мамыр:
Ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз.
Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с.
Температура: түнде +13…+15 °C, күндіз +28…+30 °C.

8 мамыр:
Ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз.
Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с.
Температура: түнде +16…+18 °C, күндіз +30…+32 °C.

9 мамыр:
Ауа райы құбылмалы. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады.
Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.
Температура: түнде +17…+19 °C, күндіз +28…+30 °C.

ШЫМКЕНТ

7 мамыр:
Ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз.
Жел оңтүстік-батыстан 5-10 м/с.
Температура: түнде +15…+17 °C, күндіз +32…+34 °C.

8 мамыр:
Ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз.
Жел оңтүстік-батыстан 8-13 м/с.
Температура: түнде +17…+19 °C, күндіз +33…+35 °C.

9 мамыр:
Ауа райы құбылмалы. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады.
Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады. Жылдамдығы 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Температура: түнде +18…+20 °C, күндіз +29…+31 °C.

Серіктес жаңалықтары