×
463.41
546.27
6.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
463.41
546.27
6.18

Риддерде жоғалған оқушының денесі табылды

Бүгін, 13:30
Риддерде жоғалған оқушының денесі табылды
Фото: istockphoto.com

Риддер қаласында 5 мамыр күні жоғалып кеткен мектеп оқушысының денесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Әлеуметтік желілерде тараған ақпараттан кейін баланы іздеу жұмыстары басталған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқушы Таловка ауданындағы үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған. Келесі күні оның мәйіті табылды.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық, объективті әрі жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп мәлімдеді департамент өкілдері.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

БУЛЛИНГ АНЫҚТАЛДЫ МА?

Аудандық білім басқармасының айтуынша, Артем отбасында үшінші бала. Оны әкесі тәрбиелеп өсірген. Анасы бес жыл бұрын, ал әжесі үш жыл бұрын қайтыс болған. 

«Қазіргі уақытта бұл мәселе қаралу сатысында. Жан-жақты тексеру жүргізіліп, тергеу әрекеттері жалғасуда. Әзірге буллинг фактілері ресми түрде расталған жоқ. Тексеру аяқталғанша күтіп, тек нақты әрі тексерілген ақпаратқа сүйенуге шақырамыз», – деп мәлімдеді білім басқармасының баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары