×
463.41
546.27
6.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
463.41
546.27
6.18

Астанада көпқабатты тұрғын үйдің балкондары өртенді

Бүгін, 16:15
Астанада көпқабатты тұрғын үйдің балкондары өртенді
Фото: ашық дереккөзден

Астанадағы Уәлиханов көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шығып, жалын бірнеше қабаттағы балкондарға тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӨРТ ЖЫЛДАМ ТАРАЛҒАН

Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желіде кең тарады. Куәгерлердің айтуынша, өрт жылдам таралған.

Оқиғаға қатысты Төтенше жағдайлар министрлігі пікір білдірді.

«Бүгін Астанада Уәлиханов көшесіндегі он қабатты тұрғын үйде өрт шықты: алтыншы қабаттағы балкон өртеніп, кейін жалын жетінші және ішінара сегізінші қабаттағы балкондарға таралған», – деп хабарлады ведомство.

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ЖОҚ

ТЖМ бөлімшелері өрттің пәтер ішіне таралуына жол бермеген. Өрт қысқа уақыт ішінде оқшауланып, толық сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары