×
463.41
546.27
6.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
463.41
546.27
6.18

Желіні интим видеосымен шулатқан жұп қайғылы оқиға туралы айтты

Бүгін, 10:11
Желіні интим видеосымен шулатқан жұп қайғылы оқиға туралы айтты
видеодан скриншот

Желіде интим-видеосы тараған «Хан» лақап атымен танылған шоуменнің келіншегі қайғылы жағдайға тап болғандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ШЕТІНЕГЕН СӘБИ

Алма Мырзабекова әлеуметтік желідегі парақшасында құрсағындағы сәбиінен айырылып қалғанын жазды.

«Әр ана үшін ішіндегі сәбиін жоғалту — сөзбен айтып жеткізе алмайтын ауыр қайғы.,. Мен оны қолыма ұстап үлгермесем де, жүрегіммен сүйіп үлгердім. Ол менің арманым болды, үмітім болды, жүрегімнің бір бөлшегі болды», – деді ол.

Сондай-ақ Алма соңғы жағдайлардың әсері өзінен бұрын баласына тигенін айтты. 

«Соңғы жағдайлардың әсері өзімнен бұрын балама тиді. Алланың ісіне амалым жоқ. Жанымда болған осы сәтте отбасыма рахмет», – дейді блогер.

ШУЛЫ ВИДЕО

Еске салайық, жуырда желіде «Хан» лақап атымен танылған ақтаулық блогер әрі асаба мен оның әйелінің интим видеосы тарады.

Шоумен мен оның келіншегі видеоүндеу жасап, тараған бейнежазбаның шынайы екенін растаған және оны әрі қарай таратуды, сондай-ақ өздеріне бағытталған қудалауды тоқтатуды сұраған. Олар бұл жағдайды жеке өмірге қол сұғу деп атады. Ерлі-зайыпты бейнежазбаны телефонның құпиясөзін білетін мобилограф таратты деп мәлімдеді.

Еске салайық, бұдан бұрын интим видеоны таратты деген күдікпен ұсталған жасөспірімнің анасы желіде өз шындығын айтты. Әйелдің сөзінше, 16 жастағы ұлы жұмыс берушісінің телефонынан жабық видеоларды ұрлауы мүмкін емес.

Сондай-ақ, осы оқиғаға байланысты Маңғыстау асабалары мен өнерпаздары видеоүндеу жасап, «Ханды» той жүргізуден шеттетуді талап етті. Олар айыпталып жатқан жасөспірімнің тағдырына бейжай қарамауды сұрады.

Ал заңгер асабаның интим видеосын сатқандар бес жылға дейін сотталуы мүмкін екенін ескертті.

Серіктес жаңалықтары