×
470.17
547.47
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.17
547.47
6.42

Бішкекте Қамшыбек Тәшиевтің соты басталды

Бүгін, 15:21
Бішкекте Қамшыбек Тәшиевтің соты басталды
Фото: Ашық дереккөзден

Бішкекте Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиев пен тағы жеті адамға қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.

СОТ ПРОЦЕСІ

18 мамыр күні Бішкектің Первомай аудандық сотында Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиев және тағы жеті адамға қатысты алдын ала сот тыңдауы басталды. Процесс жабық өтіп жатыр. Себебі бұған дейін ІІМ іс материалдарын «құпия» статусын берген.

Адвокат Ақынбек Ногоевтің айтуынша, Қамшыбек Тәшиевке, Жоғары Кеңестің бұрынғы төрағасы Нұрланбек Тұрғынбекұлына және экс-депутат Құрманқұл Зулушевқа «Өкілеттігін асыра пайдалану» және «Билікті күшпен басып алу» баптары бойынша айып тағылған.

Бұдан өзге, іс бойынша күдікті деп танылған қоғам қайраткері Бекболот Талгарбеков, бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Эмилбек Ұзақбаев, экс-депутат Құрманбек Диқанбаев, экс-вице-премьер Аалы Карашев және ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Курсан Асановқа «Өкілеттігін асыра пайдаланды»деген айып тағылған. Айыпталушылардың бір бөлігі қамауда отыр.

ДАУДЫҢ БАСЫ «75-ТІҢ ХАТЫ»

Іс «75-тің хаты» деп аталатын үндеумен байланысты. Хатта бір топ саясаткер президент Садыр Жапаров пен сол кездегі парламент спикері Нұрланбек Тұрғынбекұлына қайырылған. Онда олар президент сайлауын биыл өткізуді талап еткен. Кейін кейбір қол қойғандар үндеудің мазмұнын оқымай қолдауға келіскендерін айтқан.

Үндеу жарияланғаннан кейін Қырғызстан ІІМ қылмыстық іс қозғап, хатқа қатысы бар адамдарды ұстаған.

10 ақпанда Садыр Жапаров Қамшыбек Тәшиевті Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары әрі ҰҚМК басшысы қызметінен босатқан болатын. Кейін Жапаров парламентте депутаттардың «президент адамдары» және «арнайы қызмет адамдары» болып бөлінуі басталғанын, кейін бұл текетірес Жоғары Кеңес аумағынан асып, одан тысқары аумаққа шығып кеткенін мәлімдеді.

Даудан кейін Нұрланбек Тұрғынбекұлы әуелі парламент спикері қызметінен кетіп, кейін депутаттық мандатын тапсырды. Бірақ «75-тің хатына» қатысы жоғын айтқан.

Садыр Жапаров бұған дейін Тәшиевтің бұл үндеуге қаншалықты қатысы барын тергеу мен сот анықтауы тиіс екенін мәлімдеген болатын. Ал Қамшыбек Тәшиевтің өзі тағылған айыптарды жоққа шығарып, өзінің кінәсіз екенін айтқан.

 

Серіктес жаңалықтары