×
471.77
547.25
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.77
547.25
6.6

Астанадағы шулы тренингтен кейін депутаттар сөйлеу мәдениетін түзеуге кірісті

Бүгін, 15:44
Астанадағы шулы тренингтен кейін депутаттар сөйлеу мәдениетін түзеуге кірісті
фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаттары Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, тренингтер мен іс-шараларда былапыт сөздерді ашық қолдану фактілеріне құқықтық әрі этикалық баға берілуін сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сауалды депутат Нұрсұлтан Байтілесов жария етті. Онда Астанада өткен «трансформациялық» тренингтердің бірінде қатысушылардың психологиялық тәжірибе деген желеумен жаппай бейәдеп сөздер қолданған видеосы қоғамда кең резонанс тудырғаны айтылған.

Депутаттар мұны бір реттік жағдай емес, қоғамдағы ауқымды тенденцияның көрінісі деп санайды.

Іс жүзінде біз қоғамдық коммуникациядағы рұқсат етілген шекаралардың бұлыңғырланып бара жатқанын көріп отырмыз. Былапыт сөздер қалыпты құбылыс ретінде қабылдана бастады, – дейді мәжілісмендер.

Бейәдеп контент көбейген

Депутаттар мәселе жүйелі сипат алып бара жатқанын айтады. Өйткені балалар мен жасөспірімдер интернетте, әлеуметтік желілерде және күнделікті өмірде мұндай контентпен жиі бетпе-бет келеді.

Мәжілісмендер «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңның 36-бабына сәйкес мемлекет кәмелетке толмағандарды олардың рухани және адамгершілік дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғауға міндетті екенін еске салған. Олар Үкіметке:

  • жаппай тренингтер мен іс-шараларда былапыт сөздерді жария қолдануға ресми құқықтық және этикалық баға беруді;
  • тренинг, семинар және лекция ұйымдастырушыларына нақты этикалық талаптар енгізу мүмкіндігін қарастыруды;
  • әсіресе жастар мен әлеуметтік желілер арасында сөйлеу мәдениетін, сыйластық қағидаларын және «Адал азамат» құндылықтарын насихаттауды күшейтуді ұсынды.

Резонанс тудырған семинар

Еске салайық, бұдан бұрын Алматы полициясы психологиялық семинар барысында болған оқиғаға назар аударған. Іс-шара барысында кейбір қатысушылар бейәдеп сөздер қолданып, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп нормаларын бұзған.

Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ұйымдастырушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқықбұзушыға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

 

Серіктес жаңалықтары