Қазақстан өңірлерінде дәрігер тапшылығы артуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Дәрігермен қамту деңгейі төмендеген
Ranking.kz сарапшыларының дерегінше, 2026 жылдың бірінші тоқсанында елде 57 мыңнан астам дәрігер тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен шамалас. Соған қарамастан, жан басына шаққандағы дәрігер саны азайған. 2025 жылы 10 мың адамға 28,2 дәрігерден келсе, қазір бұл көрсеткіш 27,9-ға түскен.
Ең күрделі жағдай қай өңірлерде
Дәрігермен қамтамасыз ету деңгейі ең төмен өңірлер:
Ал Астанада бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары — 10 мың тұрғынға 41,8 дәрігер.
Сарапшылардың айтуынша, жалпы дәрігер саны өзгермегенімен, халық өсімі мен жүйелік теңсіздік салдарынан қолжетімділік төмендеп барады. Бұл алаңдатарлық үрдіс ретінде бағаланған.
Орта буын медицина қызметкерлері де азайған
Тек дәрігерлер ғана емес, орта буын медицина қызметкерлерінің де (мейірбикелер, фельдшерлер, акушерлер) қолжетімділігі төмендеген.
Қазіргі уақытта 10 мың адамға 76 орта буын медицина қызметкері келеді. Ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 77,9 болған.
Қазақстан көрші елдерден артта қалып отыр
Сарапшылар Қазақстанды басқа елдермен де салыстырған.
10 мың адамға шаққандағы дәрігер саны:
Яғни, көрсеткіш бойынша Қазақстан өңірлік деңгейде айтарлықтай төмен орында тұр.