"Досье" орталығы ресейлік политтехнологтар Армениядағы сайлауға әсер ету мақсатында жергілікті кандидаттармен жұмыс істеп, "За любого кроме Пашиняна" кампаниясын насихаттауға қатысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы ArbatMedia жазады.
“Досье” орталығының қолына түскен материалдарда бірнеше армян саясаткерлерін сүйемелдеу үшін Ресей өз саясаткерлерін жібергені туралы жазылған. Құжаттарға сай, олардың міндеті Еуроодақпен жақындасуға ниетті қазіргі премьер Никола Пашинянның билігін әлсірету болған.
Бұл мәліметтерге сүйенсек, ресейлік саясаткерлер бастапқыда бизнесмен Самвел Карапетянді көздеген. Алайда құжаттардағы ақпараттарда таңдалған партия “өз жұмысын атқара алмағаны” атап өтілген. Билікті күшпен басып алу туралы ойларын ашық айта бастағаны үшін Карапетян қамауға алынған соң құжаттарда оны ілгерілету бойынша жоспар жасалғаны да айтылады. Бұл жоспарларда жаңа саяси күш құру, телеарна ашу, ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасын жасау және басқа да қадамдар қамтылған.
“Досье” орталығы, сондай-ақ 2025 жылғы тамызда Ресей президентінің әкімшілігінде өткен жиналысқа “Ташираның” вице-президенті Гайк Игнатян, Арменияның экс-президентінің кеңсе жетекшісі Виктор Согомонян, политтехнолог Айк Аджоглян мен антипашинян жобасының саяси сәулетшісі деп аталып кеткен Кремль саясаткері Глеб Кузнецов барғанын мәлімдеп отыр.
Бұдан бөлек, құжаттарда осы кездесуден соң президент әкімшілігіне жақын “Әлеуметтік зерттеулер сарапшылық институтының (ЭИСИ) қызметкерлері “ел ішінде ұдайы электоралды сауалнамалар жасап, талдау жасағаны, оппозициялық кандидаттарға ұсынымдар жазып, президент әкімшілігі өкілдеріне есеп бергені жазылған”
Сонымен бірге Карапетян Армения премьерінің орнына келе алмайтыны, себебі ол Ресей және Кипр азаматтығын алғаны да ерекше атап өтілген.
Одан бөлек институт өкілдері қосалқы нұсқа ретінде Арман Татоянды да қарастырған. Оның кампаниясын нақты кім қаржыландырып отырғаны айтылмаған, бірақ сметалардың бірін аталған институт директорының орынбасары редакциялаған, дейді “Досье” орталығының өкілдері.
Құжаттардағы дерекке сай, қаурыз айының соңына қарай саясаткерлер екі ақпараттық нұсқа әзірлегені айтылады. Бірі “За любого кроме Пашиняна” ұраны, екіншісі халықты сайлауға баруға үгіттейтін “Приходи” ұранына қатысты.
Бұл ретте Armenian Election Study жүргізген талдау Пашинян атқарған жұмыстарға деген халықтың сенімі 49%-ға өскен, ал оның “Гражданский договор” партиясы басқа саяси күштерден айтарлықтар алда келетінін көрсетіп отыр.