×
477.48
555.83
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.48
555.83
6.65

Павлодар облысындағы ұшақ апаты: аман қалған ұшқыштың жағдайы қалай

Бүгін, 13:44
Павлодар облысындағы ұшақ апаты: аман қалған ұшқыштың жағдайы қалай
Әлеуметтік желіден

Павлодар облысында құлаған ұшақтың аман қалған екінші ұшқышын облыс орталығына жеткізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, жас жігіттің жағдайы туралы түсініктеме тек барлық диагностикалық шаралардың қорытындысы бойынша ғана мүмкін болады.

"1998 жылғы пациент қазіргі уақытта Апаттар медицинасы орталығының борты арқылы Железин аудандық ауруханасынан Павлодар қалалық №1 ауруханасының жарақаттар бөлімшесіне тасымалданып жатыр", – деп хабарлады мемлекеттік орган Ulysmedia тілшісіне.

Сондай-ақ өңірлік полиция департаменті хабарлағандай, Павлодар станциясындағы көліктегі полиция бөлімі авиациялық апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Сонымен қатар, kerek.pv Telegram-арнасының жазуынша, ұшақ ұшқышы дәл өзінің туған күнінде қаза тапқан.

Контекст

Еске сала кетейік, 27 мамырда Павлодар облысының Железин ауданында Ан-2 ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Әуе кемесінің ұшқышы қаза тауып, екінші ұшқышты аман қалды.

Серіктес жаңалықтары