×
485.95
565.74
6.83
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.95
565.74
6.83

Назым Қаһарман Қуандық Бишімбаевтың көңілдестері туралы кітап шығаратынын айтты

Назым Қаһарман Қуандық Бишімбаевтың көңілдестері туралы кітап шығаратынын айтты
Коллаж: Ulysmedia.kz

Назым Қаһарман жаңа кітабында бұрынғы күйеуінің көңілдес әйелдері туралы жазатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НАЗЫМ ҚАҺАРМАН НЕ ДЕДІ?

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қаһарман күзде жарық көретін жаңа кітабы жөнінде мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, шығармада бұрынғы күйеуінің көңілдес болған әйелдері туралы баяндалады және олардың есімдері өзгертілмей беріледі.

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазып, аталған әйелдерге арнайы үндеу жолдаған.

Бұл жазба бұрынғы күйеуіммен қарым-қатынаста болған әйелдерге арналған. Барлығыңыз да кітабымның кейіпкерлеріне айналдыңыздар және өз есімдеріңізбен көрсетілдіңіздер. Тұсаукесер күзде өтеді. Мен сіздерге хат жазып, жанжал шығарған емеспін. Бірақ бұл сіздер туралы ештеңе білмеймін дегенді білдірмейді. Мен өз мәселемді бұрынғы күйеуіммен шештім. Дегенмен отбасылы ер адаммен қарым-қатынас құру – әр адамның өз таңдауы. Кейде мұндай шешімнің салдары біреудің кітабында кейіпкер болуға алып келуі мүмкін, – деп жазды Қаһарман.

АВТОФИКШН ЖАНРЫНДА

Автордың сөзінше, кітапты әзірлеу барысында заңгерлердің кеңесіне жүгінген. Сондай-ақ оның қолында жазбаша хат-хабарлар мен өзге де дәлелдер бар екенін атап өтті.

Назым Қаһарманның айтуынша, шығарма автофикшн жанрында жазылған. Бұл жанрда нақты өмірде болған оқиғалар көркем әдеби тәсілдермен баяндалады. Қолжазба қазір баспаға тапсырылған, ал кітаптың таныстырылымы алдағы күз айларына жоспарланған.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың мамырында сот бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты азаматтық жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіріп, азаптады деп танып, 24 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Кейін апелляциялық инстанция бұл үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Сондай-ақ 2024 жылы Назым Қаһарман Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы талап арыз бергенімен, сот оның талабын қанағаттандырмаған.

Естеріңізде болса, бұған дейін экс-министрдің экс-жұбайы Назым Қаһарман Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру бойынша сотқа жүгінген болатын.

БИШІМБАЕВ ІСІ

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрады. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылды.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

13 мамырда шулы сот мәресіне жетіп, Қуандық Бишімбаевқа үкім оқылды.

Бұдан бұрын Бишімбаевтың экс-жары Назым Қаһарман әлеуметтік желіде балалары көпке танымал болып кеткендіктен фамилияларын өзгерткісі келетінін мәлімдеген.

 

Серіктес жаңалықтары