×
485.95
565.74
6.83
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.95
565.74
6.83

Үш адамның өмірін қиған жол апаты: Жәбірленуші тарап сотталушыға кешірім берді

Үш адамның өмірін қиған жол апаты: Жәбірленуші тарап сотталушыға кешірім берді
ulysmedia.kz коллажы

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Әл-Фабари көшесінде болған жол апатына байланысты негізі сот талқылауы басталды. Процеске күдікті Александр Пак келген жоқ. Ол сот отырысына онлайн қосылды, деп хабарлайды Ulysmedia.

1 маусым күні өткен сот отырысы жарты сағатқа кешігіп басталды. Судья процесс басталмай жатып техникалық себептерге байланысты үзіліс жариялады. Осыдан кейін сот отырысын қайта жалғасты.

Кінәсін мойындаған күдікті

Бүгінгі сот процесінде іс бойынша күдікті деп танылған Александр Пак өзіне тағылған айыпты толықтай мойындады. Ол бұған дейін алдын ала сот тыңдауына болған оқиғаға өкінетінін айтқан.

— Жол көлік апатына қатысты кінәмді мойындаймын. — деді ол.

—Кінәңізді толықтай мойындайсыз ба?, — деп сұрады  судья Майшинов.

— Жол апаты мен адамдардың қазасына қатысты кінәмді мойындаймын, — деді Александр Пак.

Кешірім берген жәбірленушілер

Марқұм Еламан Тілемісовтің әпкесі, іс бойынша жәбірленуші деп танылған Ләззат Тілемісова күдіктіге кешірім бергендерін айтты. Ол «Александр Пакқа ешқандай талап-арыз жоқ»деді.

Александр Пактың адвокаты жәбірленуші тарапқа моральдық және материалдық шығын толықтай өтелгенін алға тартты.

Адвокат сотқа Ләззат Тілемісованың өтінішхатын ұсынды. Онда жәбірленуші тарап соттан Александр Пакқа бас бостандығынан айырмау жазасын тағайындауды сұраған. Ләззат Тілемісова өтінішхатты өз қолымен жазғанын растады.

Марқұм Құмар Теңеубаеваның анасы Бақытгүл Жолдасова да Александр Пакқа ешқандай талап-арыз жоғын айтты. Ол да күдіктіні кешіретіні туралы өтінішхат жазған. 

Контекст

28 мамырда өткен алдын ала сот тыңдауында прокурор айыптау актісін оқыған. Айыптау актісіне сәйкес, 1993 жылы туған Александр Пак жол апаты болған түні жалған мемлекеттік нөмір тағылған Zeekr X көлігін тізгіндеп, Әл-Фараби даңғылы бойымен батыс бағытта келе жатқан.

Тергеу нұсқасына сәйкес, ол мас күйде болған, жол қозғалысы ережелерінің бірден бірнеше тармағын бұзған, қауіпсіз жылдамдықты сақтамаған, қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes-Benz C300 көлігімен соқтығысқан.

Александр Пактың қанынан 1,3 промилле алкоголь анықталған. Сондай-ақ соттың автотехникалық сараптама дерегінше, соқтығыс сәтіне дейін Zeekr X көлігінің жылдамдығы шамамен сағатына 219 шақырым болған.

– Жол апаты салдарынан оқиға орнында Mercedes-Benz C300 көлігінің жүргізушісі, 1996 жылы туған Еламан Тілемесов және оның екі жолаушысы – 2003 жылғы Құмар Теңеубаева мен 2005 жылы туған Томирис Қыдырбек қаза тапты, – делінген айыптау актісінде.

Күдікті Александр Пакке қылмыстық кодекстің 345-1 4-бабы бойынша айып тағылған.

21 наурызда Алматыдағы әл-Фараби және Меңдіқұлов көшелерінің қиылысында Zeekr Xавтокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Mercedes-Benz C300  көлігімен соқтығысқан. Жол апатынан үш адам қаза тапқан. Бұл оқиға қоғамда қызу талқыланып, кейіннен қалалық полиция департаментінің бірнеше лауазымды шендісі қызметінен кеткен.

Сол уақытта желіде әл-Фараби көшесінде көлік жарысы болатыны туралы айтылған. Қымбат көліктер мемлекеттік нөмірін ауыстырып, қалада жарыс ұйымдастырады деген ақпарат тараған.

Серіктес жаңалықтары