×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Еңбек адамы: Қателіктерді салмақтау арқылы жетістікке жетуге болады

07.02.2023, 11:08

Сарапшылар "Теміржол жөндеу" компаниясын жол құрылысы саласының флагмандарына жатқызады. Бүгінде оның Қазақстанның түрлі облыстарында 9 филиалы бар, жалпы компанияның штатында 1 300 адам жұмыс істейді. "Теміржол Жөндеу" компаниясы «Қазақстан темір жолына» қарасты  3 600 км көлемінде магистральдық темір жолдарға күрделі жөндеу жүргізіп,  елдегі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 820 км көлемінде жаңа темір жолдардың құрылысын сәтті аяқтаған.

"Теміржол Жөндеу" ЖШС компаниясы жайлы және осы саладағы бизнестің алдында тұрған өзекті мәселелер туралы компанияның бас директоры Айбек Терекбаев сөзге тарттық.

– Айбек Арыстанғалиұлы, "Теміржол Жөндеу" ЖШС нарықта жұмыс істеп келе жатқанына 20 жыл болды. Бұл компания үшін аз уақыт емес, компанияның бүгінгі тыныс-тіршілігі жайлы не айта аласыз?

Бүгінде халықаралық жобаларды есептемегенде,  ел ауқымында жылына 250-270 км шамасында теміржол жөндеу жұмысын атқарып келеміз.  Ал халықаралық деңгейдегі жобаларды айтсақ, Молдова Республикасында 250 шақырым, Өзбекстан Республикасында СОБ және байланыс желісін модернизациялау бойынша 400 шақырымға жуық жобаны іске асырдық. Теміржолды жөндеу - бұл жай ғана рельстер мен шпалдарды  ауыстыру емес. Яғни, бұл дегеніміз - темір жолдарды күрделі жөндеуден өткізу ісі. Бір сөзбен айтқанда, жаңа технологияларды қолдана отырып, күрделі кешенді процестерді қамтитын ауқымды іс. Мысалы, жер төсемінің шөгуін жоюдан бастап сағатына 60 шақырымнан бастап сағатына 140 шақырымдық жылдамдықтағы пойыздардың қозғалысын реттеуді қамтамасыз ететін электромеханикалық құрылғыларды орнату сынды күрделі істер.

Компанияның атқаратын қызметінің ауқымын  кеңейту мақсатында  Азия даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Еуразиялық даму банкі қаржыландыратын халықаралық жобаларға қатысуда. 2018 жылы  "Пап-Наманган-Андижан теміржол учаскесін электрлендіру жобасын" (Өзбекстан Республикасы) іске асыруда.

–Бүгінде компания халықаралық қаржы институттары қаржыландыратын халықаралық жобаларға қатысуда. Білуімізше, ол үшін  компания Due diligence бағасына сәйкес болуы керек.  Сол жайында түсіндіріп өтсеңіз?

Due diligence - бұл компанияның, ең алдымен қаржылық тұрақтылық пен құқықтық сәйкестіктің кешенді аудиті. Еуропалық даму банкі, Еуропалық инвестициялық банк сияқты халықаралық институттардың негізгі талабы - әлемдік стандарттар бойынша жобаларды өндіру және оларды соған сай  іске асыру. Бұл, ең алдымен, ірі жобаларды іске асыруда өзін тарихи тұрғыда дәлелдеген FIDIC келісімшарттарын іске асыру. Әрине, халықаралық жобалармен айналыспас бұрын және тендерлерге қатыспас бұрын, біз FIDIC келісімшарттарына қатысты оқудан өтіп, білімімізді шыңдап алдық. Басқа елдерде орындалған жобаларға қатысты кейстерді қарастырдық. Бір сөзбен айтқанда,  халықаралық нарыққа дайындықпен шыққымыз келді.

Халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын жобалардың тендерлік құжаттамасын қалыптастыру кезінде жобаның техникалық күрделілігі мен құнына байланысты біліктілік талаптары жазылады. Әдетте, тендер 2 кезеңде өткізіледі: 1-кезеңі біліктілік бойынша іріктеу болса, 2-кезең - баға ұсынысы.

Бірінші кезеңнен өту оңайырақ. Әлемде теміржол құрылысында тиісті тәжірибесі бар компаниялар өте аз деп сенімді түрде айта аламын. Біздің басты бәсекелестеріміз - қытайлық және түріктің компаниялары.

Жақсы жаңалықпен де бөлісе кетейін, 2022 жылдың 21 желтоқсанында  Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында өткен өңіраралық бизнес форумда  "Ангрен-Пап-Қоқан-Андижан-Савай теміржол учаскесіндегі СОБ және байланысты жаңғырту" жобасына қатысты  88 млн АҚШ доллары көлеміндегі келісімге қол қойылды. Бұл жоба Азия даму банкі тарапынан қаржыландырылатын болады.  Айта кететін жайт, бұл тендерлік процедуралар шамамен екі жылға жуық уақытқа созылды. Тендерге Түркия мен ҚХР-дан 7 компания қатысқан болатын.

Қазіргі уақытта Өзбекстанның теміржолына банктік кепілдік беріліп, алғытөлемді күтудеміз. Ал жобаның іске асырылу мерзімі 3 жыл, десе де  өзімізге 2,5 жылда жобаны іске асырамыз деген мақсат қойып отырмыз.

Сіз атап отырған Өзбекстан Республикасындағы біздің алғашқы  сәтті іске асырылған жобаның жалпы құны 25 млн АҚШ доллар көлемінде болды. 

– «Теміржол Жөндеу» ЖШС-ні басқа компаниялардан ерекшелендіретін жаңа әдіс-тәсілдеріңіз бар ма?

Бірінші кезектегі ерекшелігіміз ол механикаландырудың жоғары деңгейі десем болады. Өйткені компанияның арсеналында теміржолда жөндеу жүргізетін және теміржол салу үшін қажетті 1000-нан астам мамандандырылған техника бар, сонымен қоса, әрине, тәжірибелі қызметкерлеріміз жеткілікті. Біз жасайтын жұмысты шағын механикаландыру мен орта деңгейлі машиналарды пайдалана отырып жасау мүмкін емес.  2010 жылдан бастап компания жоғары технологиялық деңгейдегі техниканы сатып алуға көп көңіл бөлініп келеді. Шамамен 11 млрд теңге көлемінде техника сатып алуға инвестиция бөлінді. Оның ішінде 2022 жылы 3 млрд теңгеге техника сатып алынды (УК -25/25 заманауи  жол төсеу пойызы, УСО 22 платформасы, 3 бірлік ҮАК, ЭЛБ 4тс электр балластері).

– «Теміржол жөндеу» ЖШС-де шетелдік қызметкерлер жұмыс істейді ме?

Қазақстанда қызметкерлердің 100%-ы өзіміздің отандық мамандар. Тек Молдовадағы жобада жағдай өзгешелеу. Ол елде біздің компанияның тұрақты өкілдігі бар. Молдова Республикасының азаматтары өз елінің аумағында жұмысқа орналасқан. Сондықтан оларды шетелдіктер деп айта алмаймыз.

2019 жылы компания Бендер-Басарабяска-Этулия-Джурджулешт (Молдова Республикасы) теміржол учаскесін қайта құруға кіріскен болатын.

 – Молдова Республикасындағы жоба жайлы айттыңыз.  Бұл жобаның іске асырылуы қалай жүріп жатыр?

- Бұл өте ауқымды жоба. Оның құны шамамен 113 миллион еуроны құрайды. 2019 жылдан 2021 жылға дейін біз 2 кезеңнен тұратын тендерлік рәсімдеуден өттік. Бірінші кезеңнен 12 компанияның арасынан тек 3 компания өтті, оның ішінде біздің де компания бар. Кейін біздің компанияны үміткерлердің инфрақұрылымымен танысу үшін Молдова Республикасына шақырды. 2020 жылы баға ұсыныстарын берумен тендердің екінші кезеңі өтті. Біз клиентке ең жақсы бағаны ұсына отырып, жеңдік.

Қазіргі уақытта жобаға 133 адам жұмылдырылған. Компания 7 км көлемінде жолды орташа жөндеуден өткізіп, жобалау жұмысы бойынша 50%-ы іске асырылды.

Сондай-ақ топотүсірілім және геодезия бойынша қызмет көрсететін Молдова өкілдері де жобаға жұмылдырылуда. Көпір мен су өткізетін құбырларға зерттеу жүргізу жұмыстары қолға алынған.

2022 жылғы желтоқсан айында Молдова Республикасының Инфрақұрылым және өңірлік даму министрі Андрей Спыну мен ЧФМ басшысы Олег Тофилат Тигина-Бесарабка- Джурджулешъ теміржол бөлігіне барып, сонымен қатар жол қондырмалары сақталатын Жолдық машина станциясы өндірістік базасының аумағын тексеруден өткізген болатын. Нәтижесінде жұмыс қарқынды жүріп жатқаны,  сапа стандарттары сақталып отырғаны, жоба өз мерзімінде іске асырылып жатқаны жайлы айтқан болатын.

Білуімізше, бұл тендерге Ресей мен Түркия да қатысты,  тендерді  сіздердің жеңіп алуларыңызға септігін тигізген не?

Біздің компания ең ұтымды баға мен техникалық шарттарды ұсынды. Бұл "Теміржол Жолдау" ЖШС-нің байқауда жеңіске жетуіне мүмкіндік берді.

 

– Компанияның әлеуметтік қызметі туралы айтып беріңізші? "Теміржол жөндеу" ЖШС әлеуметтік жобаларға қатыса ма?

Әрине, кез келген компания сияқты біз де осындай бастамаларды қолдаймыз. "Қамқор Менеджмент" ЖШС Басқарушы компаниясы "Қамқор Green" ауқымды бағдарламасын іске қосты. Бұл бағдарламаның негізгі міндеті - қоршаған ортаға кері әсерді азайту. Атап айтқанда, Аягөз, Шалқар, Сексеуіл, Қазалы сияқты елдімекендерде ағаш отырғызу және саябақтарды дамыту жобалары бар. Бұдан басқа, біздің компания композиттік-полимерлі шпалдар мен  күкіртті бетоннан жасалған шпалдар сияқты қайта өңделген материалдарды енгізумен айналысады. Негізгі миссиямыз – күкірт қалдықтары мен пластиктің  екінші қайтара  қалдықтарын  қайта қолдану.

2017 жыдан бастап «Теміржол жөндеу» автожолдарды қайта құрылымдау мен жол құрылысы істерімен айналысуда. «ҚазАвтоЖол» арасындағы шарт аясында  Өзбекстан Республикасымен (Нүкіске қарай) шекаралас 85 шақырымдық Бейнеу-Ақжігіт республикалық маңыздылығы бар автожолды қайта құрылымдау жобасы іске асырылған. 2023 жылы Ресей Федерациясымен шекаралас Казталовка-Жәнібек автожолының бөлігіне түбегейлі жөндеу жүргізу жұмысы жалғасуда.

– Сіз экономиканың нақты секторында қызмет етіп отырған компанияның басшысысыз  – бір сөзбен айтқанда,"нағыз өндірістің адамысыз". Бүгінде мұндай мамандар аз.  Қалай ойлайсыз, сізді "кабинет" басшыларынан не ерекшелендіреді? Өндірістегі тәжірибеңіз құзыреттілік деңгейіңізге және шешім қабылдау сапасына әсер ете ме?

Шынымды айтсам, менеджмент оңай  жұмыс емес, ең алдымен өндірістегі үлкен тәжірибе кез келген жағдайды байсалды бағалауға және дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Менің ойымша, кез келген жобаны оның күрделілігіне қарамастан сәтті жүзеге асыруға  ең алдымен дұрыс жоспарлау, ресурстарды бөлу және өз мүмкіндіктерін бағалау әсер етеді. Белгілі бір талдау жүргізбейінше дұрыс жоспарлау мүмкін емес. Ал талдау дегеніміз бұл ең алдымен тәжірибе мен бұрын жіберілген қателіктерді салмақтау.

– Жалпы салаға қалай келдіңіз, қызметті неден бастадыңыз?

Жоғары оқу орынын  2004 жылы аяқтап, "Теміржол Жөндеу" ЖШС-нің Ақтөбе Жолдық машина станциясы филиалына технолог болып жұмысқа орналастым. Осылайша, елдің батысы мен солтүстігін жалғайтын Хромтау-Алтынсарин жаңа жол тармағын салу жобасына қатыстым. Бір жылдан кейін мастер қызметіне көтеріліп, Рельсті дәнекерлеу кәсіпорнының құрылысына қатыстым. 2010 жылы кәсіпорынның бас инженері қызметіне тағайындалдым, ал 2015 жылы  Боржақты-Ерсай жол бөлігінің құрылысына атсалысып, кейін Шу қаласындағы ЖМ филиалының директоры қызметінде болдым. 2017 жылы Астана қаласындағы орталық аппаратқа техникалық директор қызметіне ауысып,  міне соңғы 2 жылдан бері бас директор қызметіндемін.

–  «Теміржол Жөндеу» компаниясы жұмысы қалай басталды?

"Теміржол Жөндеу" ЖШС 2003 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Ол кезде компания өте қиын кезеңдерді бастан өткерді. Ескірген техника, қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігі, бары 90-шы жылдардан қалған жабдықтар. Компания бастапқыда кішігірім көлемдегі жұмыстарды қолға алған болатын. Жылына шамамен 120-150 км күрделі жөндеу жұмыстарын жасап, тек теміржолды күрделі жөндеумен айналысты. Әрине, бұл компанияны дамыту үшін де,  техникалық құралдарды жаңарту үшін де жеткіліксіз болды. Бірақ жылдар өте келе, компанияның қарқынын арттыра бастадық, көлемді де арттыра бастадық. Бұл, әрине, еліміздің экономикасының жалпы өсуімен, экспорттық тасымалдардың дамуымен байланысты болды.

 ҚТЖ-да ("Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ- ред.) жолдарды күрделі жөндеуден өткізу қажеттілігі арта бастады. 2018 жылдың өзінде  компания бір жылда 361 шақырымға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген болатын.

– Кез-келген компанияның басты жетістігі - бұл ең алдымен мамандар. Компанияның адами капиталы - оның басты активі. Жұмысшының еңбегі не екенін бір адамдай білесіз.  «Теміржол Жөндеу» компаниясының кадрлар саясаты туралы айтып беріңізші.

Бұл жағынан енді әр қызметкерді жеке-жеке танимыз деп үлкен мақтанышпен айта аламыз. Олар біздің адал жұмысшыларымыз, яғни компанияның алғашқы күндерінен бастап жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлер. Олай дейтінім,  бұл арнайы мамандарды қажет ететін сала, еңбек нарығында  мұндай мамандарды табу қиын.

– Сіздің ойыңызша, қазіргі мамандарда, оның ішінде жұмысшыларда қандай біліктілік болуы тиіс?

Басқарушы компания басшылығының саясатының арқасында біздің мамандар компания қаражаты есебінен жоғары білім алды, бұл мамандар бүгінде компанияда негізгі позицияларды атқаруда. Орталық аппараттың техникалық саясат басқармасының бастығы Данияр Маясаровты атап өтуге болады, ол бастапқыда компанияға жол жөндеуші ретінде келген. Бас механик Дудар Шерниязов,  Бірлік ЖМС өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Серік Алқыбаев, Астана ЖМС бас инженері Олжас Балташев, бізге машинистің көмекшісі болып келген болатын.

Машина жасау мен цифрландыруды дамытумен қатар, қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптар да артуда.  Әріптестеріміздің біліктілігін арттыру мақсатында теміржол жағдайына мониторинг жүргізетін және машиналарды басқаратын заманауи бағдарламалық жасақтамамен жұмыс істеуге әрдайым оқытып отырамыз.

– Сізді жетістікке жетелеген қандай қасиеттеріңіз деп ойласыз?

Қызметте өсуге адамды еңбекқорлығы мен өз ісіне деген жауапкершілігі жетелейді. Кез келген басшы өз әріптестерінен және қарамағындағы қызметкерлерінен тиісті біліктіліктің болғанын талап етіп жатады, бірақ мен бірінші кезекте өзіме талап қоюды  үйрендім.

Серіктес жаңалықтары