×
493.15
574.17
6.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.15
574.17
6.77

Құрылтайға өту үшін депутаттар кімдермен бәсекеге түседі?

Бүгін, 15:08
Құрылтайға өту үшін депутаттар кімдермен бәсекеге түседі?
Ulysmedia коллажы

Қазіргі Мәжіліс депутаттарының басым бөлігі жаңа Құрылтай құрамына енгісі келеді. Алайда мандат санының қысқаруы мен жоғары бәсекелестік оларға қиындық туғызуы мүмкін, хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев Telegram арнасында қазіргі депутаттардың Құрылтайға өту мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, партиялық тізімдердегі орын саны шектеулі болғандықтан, мандат үшін күрес өте тартысты болады.

- Көпшілігі “шаршадым, енді қажет емес” немесе “партия шешеді” деп айтқанымен, көзқарастарынан “жаңа Құрылтайда тағы бір шақырылым болса ғой” деген ниет байқалады», – деп жазды саясаттанушы.

Сарапшының пікірінше, қазіргі депутаттар тек өз әріптестерімен ғана емес, өңірлік саясаткерлермен, кәсіпкерлермен, қоғаv белсенділермен және блогерлермен де бәсекеге түседі. Сондықтан жаңа парламент құрамының айтарлықтай жаңару ықтималдығы жоғары.

- Парламенттің құрамы біркелкі болуы мүмкін емес екені түсінікті. Оның құрамында әлеуметтік-демографиялық және саяси топтар болады. Онда дәстүрлі құндылықтарды ұстанатын негізгі топтармен қатар, ресми және бейресми квоталар да болады. Әрбір топтың ішінде өзіне тән мамандар да бар. Бірі мәдениет саласын, бірі спортты, енді бірі діндар қауымды, ірі бизнесті, мемлекеттік аппаратты, жұмысшы табын немесе қоғамдық пікір көшбасшыларын танытады. Сонымен қатар парламентте жалынды шешендер ғана емес, заң жобаларының қалың томдарымен жұмыс істей алатын, нақты салаларды терең білетін еңбекқор депутаттар да болуы қажет, – дейді Ғазиз Әбішев.

Сарапшының болжамынша, бір палаталы парламентте жастар мен салалық кәсіби мамандардың үлесі артуы мүмкін.Сондықтан, Құрылтайға өтуді көздеген қазіргі депутаттар сайлаушылар алдында өздерінің пайдасын нақты істерімен дәлелдеуге мәжбүр болады.

Серіктес жаңалықтары