×
485.34
564.45
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.34
564.45
6.53

Базалық мөлшерлеме төмендегеннен кейін депозитте ақша сақтау тиімді ме?

Бүгін, 14:36
Базалық мөлшерлеме төмендегеннен кейін депозитте ақша сақтау тиімді ме?
Фото: zakon.kz

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме төмендегеннен кейін депозитте ақша сақтау тиімділігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Сүлейменовтің айтуынша, әдетте депозиттік мөлшерлемелер базалық мөлшерлемеге ілесіп, соған сәйкес өзгереді.

«Бірақ жинақтарын сақтағысы келетін адамдар үшін ең маңыздысы – нақты инфляция мен депозиттік мөлшерлеме арасындағы айырма. Қазір нақты инфляция – 10,4%, ал депозиттік мөлшерлемелер – шамамен 19–20%. Тіпті олар 1%-ға төмендегеннің өзінде де инфляцияны айтарлықтай басып озады. Сондықтан депозиттер бойынша қандай да бір төмендеу болады деп күтпейміз. Олар әлі де тартымды құрал болып қала береді», – деді ол брифингте.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовның айтуынша, депозиттерден жаппай ақша алынбайды. Адамдардың ақшасы банктерде сақталады, ал Қазақстанның банк жүйесі өте тұрақты және мықты. Сонымен қатар, салымдар Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры арқылы қорғалған. Яғни банк жабылып қалса да, салымшылардың ақшасы белгілі бір деңгейде қайтарылып беріледі. Сондықтан, оның пікірінше, депозиттерден ақша жаппай алынбайды және олар әлі де сенімді әрі қауіпсіз жинақтау құралы болып қала береді.

Контекст

Бүгін, 5 маусымда, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-дан 17%-ға дейін төмендетті.

Серіктес жаңалықтары