×
487.44
567.38
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.44
567.38
6.62

Қазақстанда шамадан тыс жұмыс істейтіндер саны 14% өсті

Бүгін, 15:49
Қазақстанда шамадан тыс жұмыс істейтіндер саны 14% өсті
ашық дереккөз

Қазақстанда аптасына 41 сағаттан артық жұмыс істейтіндердің саны өсіп келеді. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша мұндай қызметкерлер саны 1,4 миллион адамға жетіп, бір жыл ішінде 13,8 пайызға немесе 170,8 мың адамға артқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

finprom.kz жазуынша, ұзартылған жұмыс аптасымен еңбек ететіндердің басым бөлігін ер адамдар құрайды. Есепті кезеңде аптасына 41 сағаттан көп жұмыс істеген ерлер саны 897,7 мың адам болса, әйелдер саны 507,6 мың адамға жеткен. Нәтижесінде мұндай жұмыскерлердің жалпы жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлесі 15 пайызға дейін өсті.

Артық жұмыс істейтіндердің ең көп бөлігі 35-44 және 45-54 жас аралығындағы азаматтар. Ал жастар арасында бұл көрсеткіш салыстырмалы түрде төмен.

Статистикаға сәйкес, ұзақ жұмыс істейтіндердің көбі жалдамалы қызметкерлер болғанымен, олардың үлесі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында жоғары. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 22,4 пайызы аптасына 41 сағаттан артық еңбек етеді.

Салалар бойынша алғанда мұндай қызметкерлердің ең көбі сауда және автокөлік жөндеу, өнеркәсіп, көлік және қоймалау, құрылыс пен ауыл шаруашылығы салаларында тіркелген. Ал үлес көрсеткіші бойынша тау-кен өнеркәсібі көш бастап тұр. Бұл саладағы жұмыскерлердің 31,5 пайызы аптасына 41 сағаттан артық жұмыс істейді.

Керісінше, білім беру, денсаулық сақтау және қаржы секторларында ұзартылған жұмыс аптасымен еңбек ететіндердің үлесі төмен болып отыр.

Жалпы алғанда, Қазақстандағы жұмыспен қамтылған халықтың орташа нақты жұмыс уақыты аптасына 39 сағатты құрады. Ең ұзақ жұмыс аптасы тау-кен өнеркәсібінде тіркелсе, ең қысқа жұмыс уақыты ауыл шаруашылығы саласында байқалған.

Серіктес жаңалықтары