×
487.44
567.38
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.44
567.38
6.62

"Репутациялық қауіп": eGov арқылы «Әділет» партиясына мүше болуға болады

Бүгін, 16:58
"Репутациялық қауіп": eGov арқылы «Әділет» партиясына мүше болуға болады
Фото: eGov

Жаңадан құрылған «Әділет» партиясының сервисі eGov Mobile платформасында іске қосылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ  мәліметінше, партияға мүшелікке қабылдау қызметі мини-қосымша форматында орналастырылған. Сервис азаматтарға партия қатарына қосылу туралы өтінішті онлайн жолдауға мүмкіндік береді.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бұл интеграция партияның өтініші негізінде жүзеге асырылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар ұйым eGov Mobile платформасындағы сервистердің техникалық жұмысын ғана қамтамасыз ететінін, саяси партиялардың қызметіне араласпайтынын және ешбір ұйымға артықшылық бермейтінін мәлімдеді.

Компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта қосымшада басқа партиялардың сервистері жоқ, себебі мұндай өтінішпен әзірге тек «Әділет» партиясы ғана жүгінген. Алайда өзге саяси бірлестіктер де осындай мүмкіндікті пайдалана алады.

Жүз жерден проүкіметтік болса да...

Кеше ғана тіркелген партияға мұнай мүмкіндік берілгеніне кей адамдар қарсылып білдіріп те жатыр. 

- eGov порталы салық төлеушілер есебінен жасалған мемлекеттік қызмет алатын портал! Ал, кеше ғана құрылған партияның бұл портал арқылы мүше тартуға қандай құқықтық негіз бар?

Менің ойымша, жоқ! Бәлкім, Бағдат Мусин партия мүшесі шығар, әлде Жасұлан Мәдиев партия құрамына қосылды ма? Себебін Айбек Дәдебай болмаса Rauan Kenzhekhan түсіндірер. Менің білуімше ешбір партия мемлекеттік қызмет порталын өз пайдасына пайдалана алмайды, жүз жерден проүкімет, пропрезиденттік болсын!, – деп жазды журналист Риза Тұрдақынқызы.

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ҚАШАН ҚҰРЫЛДЫ?

Жаңа саяси ұйымның құрылғаны туралы 2026 жылғы 15 сәуірде жарияланған болатын. Келесі күні партияның бастамашыл тобы мемлекеттік тіркеуден өту үшін құжаттарын Әділет министрлігіне тапсырды.

Партия өкілдері өздерінің негізгі ұстанымдары ретінде саяси жаңғыруды қолдауды, жаңартылған Конституция қағидаттарын жүзеге асыруды, заң үстемдігін нығайтуды және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысу мүмкіндігін кеңейтуді атаған.

ПАРТИЯ ҚҰРАМЫНДА КІМДЕР БАР?

«Әділет» партиясының төрағасы болып Президент әкімшілігін бұрын басқарған Айбек Дәдебай сайланды. Саяси кеңес құрамына «Қазақтелеком» компаниясының басқарма төрағасы Бағдат Мусин, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, кәсіпкер Андрей Лаврентьев, саясаттанушы Марат Шибутов, қоғам қайраткері Рауан Кенжеханұлы және Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры Ренат Бектұров енген.

Серіктес жаңалықтары