Ресейлік кәсіпкер, оппозициялық саясаткер Михаил Ходорковский сырттай он жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.
Толығырақ
«Радио Свобода» басылымының жазуынша, Мәскеудің Мещанск аудандық соты Михаил Ходорковскийді сырттай 10 жылға соттады. Оған Ресей армиясы туралы «жалған ақпарат таратты» деген айып тағылған.
Сотта прокурор оған 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Ал қорғау тарапы оны толық ақтауды сұраған.
Михаил Ходорковский Ұлыбританияда тұрады. Ол Ресейдің Украинаға қарсы соғысын ашық сынайды және Украинаны қолдайды.
Қылмыстық істің қозғалуына оның 2022 жылдың қыркүйегінде X әлеуметтік желісінде Ресейдің соғыстағы ықтимал шығындары туралы жазбасы және 2024 жылдың шілдесінде жарияланған бейнеролигі себеп болған.