×
484.78
558.66
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.78
558.66
6.6

«Сені сүйемін, жарым болшы»: қызды аңдып, пышақ сермеген ер адам емделетін болды

Бүгін, 16:25
«Сені сүйемін, жарым болшы»: қызды аңдып, пышақ сермеген ер адам емделетін болды
Фото: KatarzynaBialasiewicz/Getty Images

Жетісу облысының Алакөл аудандық сотында кезекті сталинг жасаған ер адамға қаытсты іс қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Жетісу облысының Алакөл аудандық соты ҚР ҚК-нің 115-1-бабы (сталкинг) және 293-бабының 3-бөлігі (қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық) бойынша қаралған іс бойынша азамат К.-ға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы шешім шығарды.

Сот материалдарына сәйкес, Алакөл ауданының тұрғыны бірнеше ай бойы жәбірленуші қызды оның еркінен тыс қудалаған. Ол «Сені сүйемін, жарым болшы» деген мазмұнда хабарламалар жіберіп, әлеуметтік желілер арқылы үздіксіз байланыс орнатуға тырысқан. Бұл әрекеттер жәбірленушіде қорқыныш пен мазасыздық тудырған.

“Бұдан бөлек, оқиға жергілікті дүкенде болған жанжал кезінде жалғасты. Ер адам қызды балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Оған куәгер А. ескерту жасаған кезде, К. ашуланып, үйіне барып пышақ алып келіп, дүкенге қайта оралған. Сол жерде ол пышақпен А.-ға қоқан-лоқы көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзған”, – делінген хабарламада.

Сотта куәлардың айғақтары, сараптама қорытындылары және іс материалдары қаралды.

Кешенді сот-психологиялық және психиатриялық сараптама нәтижесінде ер адамға  «параноидты шизофрения» диагнозы қойылған. Мамандар оның әрекет жасаған сәтінде өз іс-әрекетінің мәнін толық түсінбегенін және оны басқара алмағанын анықтаған. Осыған байланысты сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу шарасын тағайындады.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Контекст

Айта кетейік, бұған дейін сталкинг жасағандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін екені хабарланды.

Серіктес жаңалықтары