Электровоз машинисі пара бергені үшін сотталғаннан кейін жұмыстан шығарылып, бұл норма оның еңбек ету бостандығына қатысты конституциялық құқығын бұзды деген арызбен сотқа жүгінген, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Толығырақ
Конституциялық сот міндетті түрде еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасымен бұзу тек мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға немесе оларға теңестірілген адамдарға қатысты қолданылатынын мәлімдеді.
«Даулы норманы квазимемлекеттік сектордың барлық қызметкерлеріне олардың функционалдық мәртебесін ескермей қолдану еңбек құқығын шектеу аясын негізсіз кеңейтуге әкеледі», – делінген қаулыда.
Осылайша, пара бергені үшін сотталған, бірақ мемлекеттік қызметші санатына жатпайтын Қазақстан азаматы өзінің жұмыстан босатылуына шағымдануға құқылы.
Үкіметке Конституциялық сот шешіміне сәйкес заңнаманы жетілдіру ұсынылды.