×
$
447.14
€
499.54
₽
5.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.14
€
499.54
₽
5.46

Айтыскер ақын Надежда Лушникова 85 жасында өмірден өтті

Бүгін, 10:20
Айтыскер ақын Надежда Лушникова 85 жасында өмірден өтті
qazaqstan.tv

Айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Надежда Лушникова 86 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Қаралы хабарды Қазақстан жазушылар одағы хабарлады.

Надежда Лушникова 1940 жылы 22 қарашада Алматы облысы Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген. Қазақ арасында тәрбиеленіп, қазақ тілінде білім алған.

1961 жылы Қызылордадағы Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық училищені, 1969 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін қазақ бөлімі бойынша тәмамдаған.

Ақын өлеңді жазып та, суырып салып та шығарған. 1963 жылы Қызылордада өткен облыстық айтысқа қатысып, жүлдегер атанды. Шымкенттік Қалдыбек Әліқұловпен айтысы киноға түсірілген. Сондай-ақ 1965 және 1978 жылдары Жамбыл аудандық, 1977 және 1979 жылдары Алматы облыстық айтыстарына қатысып, қарсыластарынан басым түскен.

1963–1985 жылдары газетте әдеби қызметкер, баспада редактор, мектепте мұғалім болып еңбек етті. 1985 жылдан бастап Жамбыл ауданындағы Үмбетәлі Кәрібаев мұражайын басқарды.

Алғашқы өлеңдері 1958 жылы Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газетінде жарияланды. Ақынның «Елім менің» (1962), «Көңіл хошы» (1970) атты жыр жинақтары жарық көрді. Екінші жинағы үшін Қазақстан комсомолы сыйлығына ие болды.

 

Сізге қызық болуы мүмкін