×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Ақмолада кәсіпкерлермен ауыз жаласқан шенеунік 1,3 млрд теңге жымқырған

08.02.2023, 10:22
фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысында 1,3 млрд теңге сомасындағы бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша Целиноград ауданының ТКШ бөлімінің басшысына және «РемСтройСервис ПВ» мен «MS-Energy» ЖШС басшыларына қатысты айыптау үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, айыпталушылар Қызылсуат ауылында жаңа құрылыс аумағына арналған электрмен жабдықтау қосалқы станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқырған.

Істі ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті өңірлік прокуратурамен бірлесіп тергеді.

“Қылмыстық істің барлық қатысушыларына нақты жаза, бас бостандығынан айыру тағайындалды. Сотталған кәсіпкерлер мен ЖШС қызметкері коммерциялық және өзге де ұйымдарда 10 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқара алмайды, ал ТКШ басшысы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқара алмайды”, – делінген ведомство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары