×
485.4
550.69
6.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.4
550.69
6.41

Қазақстан бензин жеткізуге байланысты Ресей тарапынан ресми өтініш алған жоқ – министрлік

Бүгін, 10:42
Қазақстан бензин жеткізуге байланысты Ресей тарапынан ресми өтініш алған жоқ – министрлік
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан бензин жеткізуге қатысты Ресей тарапынан ресми өтініш алған жоқ. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Бүгін үкімет кулуарында журналистер сұрағына жауап берген Ерлан Ақкенженов бұған дейін БАҚ-та тараған ақпаратты жоққа шығарды. Ол бензин жеткізу туралы Ресей тарапынан Қазақстанға ресми өтініш келіп түскен жоқ деді. Алайда мұндай өтініш түскен жағдайда оны қарастыратынын мәлімдеді.

Контекст

Бұған дейін Reuters агенттігі дереккөздеріне сілтеме жасап, Ресей ішкі нарықтағы жанармай тапшылығын азайту үшін Қазақстаннан шамамен 50 мың тонна АИ-92 маркалы бензин импорттау мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын.

Кейінгі уақыттары Украина Ресейдің мұнай өңдеу зуыттарын дронмен атқылауды үдеткен. Салдарынан елде жанармай тапшылығы пайда болған. Әлеуметтік желі мен БАҚ-та тараған ақпаратқа қарағанда, Ресейдің кейбір аймақтарындағы жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болғаны байқалады. Ресей билігі елде жанармай тапшылығы барын жоққа шығарған.