×
486.47
554.77
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.47
554.77
6.26

Прокурор Ташиевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Бүгін, 17:48
Прокурор Ташиевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
ашық дереккөз

Бішкектегі Бірінші май аудандық сотында «75 іс» деп аталатын қылмыстық істің кезекті кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Kaktus.media жазуынша, сот жарыссөздері барысында прокуратура барлық айыпталушыларға, соның ішінде Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиевке де 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

“75 іс” бойынша Ташиевтен бөлек бұрынғы Бас прокурор Құрманқұл Зулушев пен бұрынғы Жогорку Кенештің төрағасы Нұрланбек Шәкиев, сондай-ақ Бекболот Талғарбеков, Курсан Асанов, Құрманбек Дыйканбаев, Аалы Карашев, Эмиль Ұзақбаев сияқты бірқатар бұрынғы мемлекеттік қызметкерлер де айыпталушылар қатарында.

Прокурорлар сөзін аяқтағаннан кейін сот процесінде қорғаушы тараптың жарыссөздері басталды. Қамшыбек Ташиев мемлекеттік айыптаушыларға тағылған айыптаудан бас тартуды ұсынған, алайда прокурорлар бұл ұсынысқа жауап бермеген.

«75 адамның хаты»

Тергеу «75 адамның хаты»-на қатысты жүріп жатыр.

Ақпанда 75 адамнан тұратын топ Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа жүгініп, мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап еткен. Осыдан кейін елде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс басталған.

Қамшыбек Ташиев қызметінен босатылып, бірнеше шенеунік лауазымынан айырылған, ал хатқа қол қойғандардың бір бөлігі тергеу изоляторына қамалған. Оларға жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылып отыр.

Бұған дейін Садыр Жапаров Ташиев хат авторларымен кездескенін жоққа шығарғанын айтқан. Сонымен бірге ол бұрынғы ҰҚМК басшысына енді мемлекеттік қызмет берілмейтінін де атап өткен.

Билік мәліметінше, кезекті президенттік сайлау белгіленген мерзімде — 2027 жылдың қаңтарында өтуі тиіс.

Контекст

Қамшыбек Ташиев ақпан айында Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті басшысы қызметінен кетті. Бұл кезде ол Германияда емделіп жатқандықтан, шешім оған күтпеген жағдай болды.Президент әкімшілігі бұл шешімнің мемлекет мүддесін көздейтінін және ел ішіндегі алауыздықтың алдын алу үшін қабылданғанын қысқаша түсіндірді.