Франция құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында 1/16 финалдық кездесуде Швецияны 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, турнирдің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Кездесу 1 шілдеге қараған түні АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы MetLife Stadium стадионында өтті. Ойынның бас төрешісі нидерландтық Данни Маккели болды.
Француздардың жеңісіне шабуылшы Килиан Мбаппе шешуші үлес қосып, қарсылас қақпасына екі гол соқты. Ал Брэдли Баркола бір мәрте мергендігімен көзге түсті.
Осылайша, Франция құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шығып, 5 шілдеде Парагвай құрамасымен кездеседі.
Еске салайық, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің қазіргі чемпионы – Аргентина құрамасы.